Мына бейне таспадағы адам сірә «ходок» болар,  түрмеде бірнеше рет отырған адамды зонаның тілімен осылай атайды, яғни бүгінгі режимнің аяусыз қарсыласы, түрме оған өз үйі болып кеткен адам.  Оның қолының тамырлары дақ пен жарақаттарға толы, тамырын талай рет кескен, ішін тілген, мұндай адамдар тіпті ішін жарып ішектерін будақтатып ақтарып та тастайды. Иа, өкініштісі сол, мұндай жағдайлар болып тұрады.
Бірақ6 бұл кішкентай ғана иллюстрация, өте кең тараған «полицейлердің қылмыстарының пандемиясы» деп атауға болатын нәрсе.
Құқық қорғау ережесінің тұрғысынан алғанда бұл адам не үшін сотталған деген сұрақтың қажеті аз. Дегенмен полицейлердің қылмысты ашу мәселесінде кең тараған бір әдісі бар: бір жерде қылмыс болды ма, учаскелік полицей ең әуелі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанның  немесе жақында түрмеден шыққанның, «ходоктың» үйіне келеді де кабинетіне жеткізеді. Апарып кабинетінде немесе уақытша изоляторға қамап ұрып-соғады, болған қылмысты өз мойнына алуға зорлайды.
Мұндай әдістің неге кең тарағандығы түсінікті, мұндай адамды сотта ешкім тыңдамайды, оның сөзіне ешкім сенбейді, оған сенім жоқ, бұл адамның сөз жоқ 100 пайыз сотталары анық.  Ең бастысы — «мойындаттыру», ол сотта мені азаптап, қинау арқылы мойындатты дегенге сот сенбейді. Соттың аргументі — жауапкершіліктен қашып кету үшін бас тартып отыр деп санайды. Бұрын сотталған адамға кейбір кездерде алдына бірнеше қылмыстық істерді қояды, мына бес ұрлықты мойныңа алмасаң, онда мойныңа зорлық жасады деген қылмысты ілеміз…
Мұндай жағдайда адамға айтады, сен қылмыстық істерді жүргізуге  қатысудан бас тарт деп көндіреді… мұндай жағдайда сотқа материалдарды тез жинап береді, соттау да оңай…
Бейнетаспада тағы бір момент байқалады, бұл жағдай полиция мен прокуратураның өзара қарым-қатынасының тәжірибесін көрсетеді; атап айтқанда арнайы прокуратурамен — бұл прокуратура жазасын өтеу мекемелеріндегі заңдылықтың қорғалуын қамтамасыз етулері тиіс.
Адам «келіп тыңдау жайлы» қағаздары туралы айтып отыр, адамды мұндай қағаздарға қол қоюға мәжбүрлейді. Егер адам  маған арнайы прокурорды шақырыңдар деп бірнеше рет талап қойған жағдайларда осылай етеді. Қағазға қол қойған адам «маған арнайы прокурор келді, шағымдарымды тыңдады, мәселені шешті» деп растайды, яғни шағым негізсіз, ешкім мені ұрған жоқ, басқа арызым жоқ… Ең бастысы, адам қағазға қол қойып берсе болды, осындай бірнеше қағазға қол қойдырып алған соң іс папкаға тігіледі, арыз айтушының өтініші жоқ, бас тартты… қалған жағын өздері жазып прокурорға жібереді…
Бейне таспадағы адамның сұрап отырғаны — маған қарсы полицейлердің жасап жатқан қылмыстық әрекеттерін тоқтатуды сұраймын, маған заң талаптары бойынша іс қолданыңдар дейді. Иа, дәл солай болуы тиіс, тек заң баптары мен заңның әріптеріне сәйкес болсын. Құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі осы.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.