Ароннан хабар алдық. Ешқандай шағым-өтініші жоқ. СИ-14 мекемесінің дүкені белгісіз себептермен жұмыс істемей тұр екен. Сол себептен бандероль арқылы мыналарды жіберуді сұрапты (салмағы 3 кг артық болмасын):
1.сақал-мұрт алатын «Жиллеттің ауыспалы басы;
2. камерадағы қоңырау сағатқа арналған саусақ батарейкасы («космос» типті) -1 дана;
3. «Ступени» және «Гороскопы» журналдары;
4. Тор көз дәптер — 3-4 дана;
Мекен жайы:: Арон Едигеевке, АП-162/1 мекемесі, Циолковский көшесі н/ж Павлодар қаласы, 140000
Өз тарапымнан қосарым: Аронға сонымен бірге 2 есептік айлық көлемінде (МРП) жарты жылға ақша қажет, барлығы 12 ЕАК. Көмектесемін деген адамның жеке парағына Аронның реквизиттарын жіберемін.