Пандемия арқылы тексеруден өте алмады…
COVID 19 пандемиясы әлемді шарлады. Төрткүл әлем өз адамдарының денсаулығын сақтау үшін оқшауланып жатыр. Міне осындай кезде әлемдегі әртүрлі саяси жүйелердің өзіндік ерекшеліктері, әлеуметтік даму деңгейі, азаматтарының құқын қорғауға деген шынайы көзқарастары айқындалуда. Сонымен бірге азаматтар өздерінің құқық мәселесі жөніндегі  түсініктері, қасындағылардың құқықтық қадір-қасиеттерін сыйлауға деген көзқарас деңгейлерін айқындап жатыр.
Себебі пандемия кезінде мыңдаған адамдар өлімге ұшырауда, бір адамның құқығын екінші адамның өмірінің қауіпсіздігі шектеуде.
Суретте және бейнетаспада Израильде  жаппай бұқаралық наразылық акция болып жатыр. Бірнеше мың аузын тұмшалаған адам бір-бірлерінен ара қашықтық ұстап, қолдарында плакаттар, премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп тұр, премьер-министрді ешқандай саяси күштер қолдамасын, дауыс бермесін деген ұрандар айтылуда; 2020 жылдың қаңтар айында ол алаяқтығы және жемқорлығы үшін айыпталған еді…

Ал енді дәл осындай кадрлерді Ресейден көріп отырмыз, сірә Кавказда болар, бұл аймақтың халқы Ресейдің басқа аймақтарымен салыстырғанда еркіндік сүйгіштігімен ерекшеленеді.  Бұл жақта да пандемия, бұл жақта да тиымдар салынған, бірақ адамдар қажеттілік болғандықтан наразылыққа шыққан, қиын жағдай болса да мүмкіндік тауып көшеге шықты; жергілікті полиция наразылыққа шыққандарды күшпен таратудан бас тарты, бірақ үкімет басқа жақтан  әскерлерді, шоқпармен қаруланған росгвардияның содырларын алып келіп адамдарды күшпен таратты… Наразылықты ұйымдастырушыларды қамады, дегенмен осындай оқиға орын алды, бірақ мұнымен ешқандай іс біткен жоқ…
Украинада да вирус. Мұнда да адамдар өлуде, мұнда да карантин, шектеулер. Бірақ   ақылға сиятын шектеулер, адамдардың құқын жаппай  ешкім шектеп жатқан жоқ, азаматтық наразылық жасауларға да шектеу қойылған жоқ, бір жерде 50-н артық адам жиналмасын деген шек қойылған…
Қазақстан… Көшелер бос,  бронемашинаға мінген әскерлер, патрульдік полицейлер бос көшелерде анда-санда кездесетін бірен-саран жүргіншілерді тергеуге алып тексеріп жатыр. Карантин деп сызылған шекараны бассаң болды ұсталасың, наразылыққа шығу дегенді айтып та қажеті жоқ, ол жағы карантинсіз ақ дереу жазаланады. Парламент осы жағдайды пайдаланып митинг жайлы өлі заңды қабылдауға асығып жатыр…

Әлеуметтік желіде билікті сынағандар күн сайын бірнеше адамнан ұсталып қамалуда. Карантин кезінде болып жатқан  полицейлік вакханалия (жексұрын озбырлық)  карантиндық тиымдар мен ТЖ пайдаланып, азаматтық белсенділерді, олардың қолдаушыларын бұрынғыдан да  жаман үрейге ұшыратуға тырысып жатыр…  «Жаппай күнәға ұшырау» презумпциясы санамызда  еліміздің барлық түкпірлеріне тарап жатыр..   Суреттің ішіндегі біз көрген суреттер осындай..

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.