Арман ХАСЕНОВ. Қарағандылық осы жас жігіттің аты әлеуметтік желіде өзінің ызаға толы шынайы  сөзімен жарқ ете қалды. Оның сөздері екі адамға — бірі «шексіз президентке», екіншісі «кемшін» президентке арналған.
Жігіттің сөзінен бірден байқалады, оның іші қазандай қайнаған, тасығандықтан болар, сөздерінің арасында боқтық сөздер де кетіп қалып жатты, ал бірақ айтқандары жұртқа белгілі, ащы да болсы шындық. 30 жылдың ішінде мұндай балағат сөздердің неше түрлі баламаларын естіп құлағымыз үйренген, Қазақстандағы барлық тілдерде айтылып жүр. Ішіндегі ең жарамдысын айтып жүрміз.

Бірақ біздің заңдарымыз — ол біздің заңдар емес қой. Биліктің депутаттары өздері үшін заң жазады, ол заңдар билікті жәй халықтан қорғау үшін жазылған. Тіпті біздің балағат сөздерімізден де қорғау үшін.
Бүгінгі таңда құқық қорғаушылардың қолында Арман Хасенов жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Оның ұсталғаны, екі айға қамауға санкция берілгені ғана. Қамалғанынан біліп отырмыз, енді оған қарсы қылмыстық іс қозғалады, мерзім жазасын алады деген сөз.

Егер біреу-міреу Хасенов жайлы білетіндері болса хабарлауларыңызды сұраймыз. Кім адвокатын біледі, оны да хабарлаңыздар. Уақытша қамау изоляторына сырттан зат апаруға болады — шектеу жоқ көмектесіңіздер, шәй, қантты сүт, кәмпит, печенье, кітап, қағаз, қалам, маркісі бар конверт т. б.  Не апарсаңдар да қуанары анық.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.