Елена Семенова

Бүгінгі таңда, барлық жаза өтеу мекемелері карантинде болғандықтан, сотталушылардың туысқандары мекемелерге бара алмай отырғандықтан, сотталушылар мекемеде болып жатқан жағдайларға  қолдан келгендерінше қарсы тұрып жатыр.

 Соңғы кездері Қостанай қаласындағы УК-161\4 мекемесінде мүгедектер жөнінде бірнеше материалдар жарық көрді. Соған қарамастан қызметкерлердің істері «таңғалдырып» отыр.

Мекемеден телефонмен мынадай хабар келді, сотталған мүгедек жанға ДПА қызметкері пышақ алып ұмтылған. Бұған наразылық ретінде мүгедек аштық жариялап аузын тігіп тастаған, сол жайлы арыз жазып оны қызметкерлерге берген. Сотталған мүгедек оған дейін бірнеше рет арызданған, бірақ қызметкерлер оны жібермей ұстап қалған, мүгедекті талай қорлаған, арын таптаған.

Тағы бір сотталған мүгедек Татарстанның президентіне, Қазақстандағы татарлардың диаспорасына хат жазбақшы болған, олай еткен себебі мекеме қызметкерлері оған «өз» президентіңнен дәрігерлік көмек сұра, сен татарсың ғой деп айтқан. Сонда қалай болғаны, сотталушыға «өз» президентіңнен көмек сұра  дегені, біздің президенттің қолынан ештеңе келмейді дегені ме?

Үшінші сотталған адамның сөздерін естігеннен кейін, менің ойымша мекемеде тек қана жемқорлық жайлаған емес, сонымен бірге азғындау мәселесін де айтқан жөн болар.  Сотталушы адекватқа сай емес моральдық бейбастығы үшін,  қызметтік міндеттерін атқармағаны үшін психологтың үстінен сотқа арызданған. Қандай моральдық бейбастықтар деген сұраққа сотталушы талай рет психологқа келген кезінде мәжбүрлі түрде «картиналарды» көріп отырдым деп жауап берген.  Әрине, мұндай жағдайда қызметкерлер сотталғандармен қалайша айналыспақшы, психологиялық көмекті қалай береді, қалай қолдайды, егер кейбір қызметкерлер басқа нәрсемен айналысып жүрген болса.

Мұндайдан кейін еріксіз ой келеді, осындай жабық мекемелерге не үшін қызметке келеді?

Соңғы уақытта мекеме қызметкерлері өздерінің қадір-қасиеттерін қорғауға тырысып жүр, бірақ олардың  қадір-қасиет жөніндегі түсініктері әрқилы, өзгенің ар-намысы мен қадірін таптай отырып өз қадірің мен абыройыңды көтере алмайсың.

Осындайларды көріп отырып оған бей жай қарап отырған бақылау және қадағалаушылардың  ештеңе істемей отырулары қызметкерлердің «таң қаларлық» әрекеттеріне әкелері анық.

Дерек көзі: Елена Семенованың Фейсбуктағы жеке парақшасы.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.