ӨЗ СӨЗІМЕН.  Азаматтық белсенділер қудаланып жатыр.   Дана ЖАНАЙ

МЕН ҚАЛАЙ ҚУҒЫНДАЛДЫМ немесе Мұхтар Әбләзовқа байланысты арандату (1 бөлім)

Бізде Қазақстанда, көптеген авторитарлық елдердегі сияқты құқық қорғаушылардың ізіне түсіп  қуғындау, арандату «дәстүрі» кең тараған.  Адам құқын қорғайтын Қахарман қатарында істеген соңғы жылда, қазір бұл ұйым тіркелді, мен және көптеген әріптестерім ҰҚК және полиция қызметкерлерінің саяси қуғындау көздеріне айналдық.

Нақты дерек көздерінен маған жеткен ақпараттар бойынша, Ақтөбе мен Астананың ҰҚК қызметкерлері маған қарсы, менің жақындарымның абыройын төгуге арналған науқан дайындап жатқанын білдім. Оппозициялық ҚДТ қозғалысының лидері Мұхтар Әбләзовпен, басқа да онымен байланыстағы адамдармен байланысым жайлы қолдан жасалған бейне дайындалып жатыр екен. Осыған қарағанда,

Қазақстанның арнайы қызмет орындарының қиялдау қабілеттерінде үлкен кемістік бар сияқты. Тапқан сценарийлерінің сиқы мынадай: әйелдердің барлығы Мұхтар Қабылұлымен міндетті түрде байланыста болулары керек, мейлі олар Әбләзовты әлеуметтік желі мен телефон экрандарынан ғана көрсе де.

2020 жылдың наурызынан бастап қысым тіпті күшейіп кетті, әріптесім Алтынай Туксиковаға қарсы тергеулер мен ашықтан ашық ізіне түсу  басталды. Дәл осындай әдістерді қолданып  менің де қыр соңымнан қалмайтындарына еш күмәнім жоқ. Оған қоса, менің әкеме қарсы оның абыройын төгетін жалған бейне таспалар  да дайындалып жатқан көрінеді. Міне, осындай жолдармен ҰҚК қызметкерлері отбасыма қысым көрсету арқылы мені адам құқын қорғайтын Қахарман ұйымының қатарынан шығармақ ойлары бар.

Осы орайда осы постым арқылы маған қарсы ҰҚК қызметкерлерінің маған және отбасы мүшелеріме  қарсы  жасап жатқан жалған іс-әрекеттеріне жауабым деп санауды сұраймын.  Мен заң баптарын аттамайтын адаммын, арақ, есірткі сияқты денсаулыққа зиянды заттарды қолданбаймын. Мен және отбасы мүшелерім ешкіммен дау-жанжал жағдайында емеспін, дене бойымда жарақат, дақ іздері жоқ. Әкем де, жақын туыстарым да Қазақстанның заң баптарын аттамайтын тәртіпті жандар, олардың менің атқарып жүрген қызметіммен ешқандай байланыстары жоқ.

Белсенділерге, басқа елдердегі әріптес құқық қорғаушыларға, ЕО-мүше елдеріне, АҚШ-а, евродепутаттар мен дипломаттарға менің осы үндеуімді қолдауды, таратуды сұраймын, сүйтіп менің жақын туыстарыма, маған және Алтынай Туксикоааға, Қахарман құқық қорғау ұйымына қарсы бағытталған арандатулардың алдын алғым келеді.

ТУЫСҚАНДАРЫМДЫ ҚУҒЫНДАУ (2 бөлім)

2020 жылдың 10 сәуірінен бастап Ақтөбедегі ата-аналарымның және Ақтөбе қаласының шетінде тұратын қартайған атам мен әжемнің үйлерінің маңында ҰҚК мен полиция қызметкерлері заңсыз торуылдап бақылап жүргенін білдім. Бір таңқаларлығы, мен күнде фейсбукқк постар жазамын, Ақтөбенің полициясы оларға жауап та береді. Солай бола тұра менің туысқандарымның үйлерінің қасында бірнеше машиналар күні-түні тұрады, тіпті дүкенге бару кезін де аңдып отырады! Ата-аналарым дүкенге шыққан кездерінде полицейлер оларға тиісіп «ТЖ режимін бұзғандарың үшін» деп қамаймыз деп қорқытады.

ҰҚК, полиция қызметкерлеріне айтарым мынау: мен баяғыдан бері жасым кәмелетке толған, тәуелсіз адаммын. Сол себептен де менің туысқандарыма жасап отырған қуғындарыңыз бен қысымдарыңызды менің саяси қызметім үшін, Қахарман ұйымындағы қызметім үшін қуғындау деп бағалаймын.

2020 жылдың 17 сәуірінде ата-анам хабарлады, менің Ақтөбеде тіркелген пәтеріме қылмыстық іске байланысты куәгер ретінде шақыру қағазы келіпті. Шақыру қағазы заңға қайшы поштамен жіберілген, дөрекі қателермен жазылған: құжатты 17 сәуір күні күндізгі 12-00 поштальон әкелген, шақыру қағазында менің 17 сәуір күні таңертеңгі сағат 10-00 тергеушіде болуым жайлы жазылған. Бұл дерек тиісті жазбада және поштальонмен нақтыланған.

Маған қарсы қолдан жасалынған қылмыстық іс бойынша тергеу және заңсыз ізіме түсу, туысқандарымды қорқыту, атап айтқанда қартайған атам мен әжемді қорқытуды Қахарман қоғамдық ұйымында жасап жатқан саяси қызметім үшін саяси қуғындау деп бағалаймын.

Қазір мүдделерімді қорғайтын адвокат іздеп жүрмін. Белсенділерге, басқа елдердегі әріптес құқық қорғаушыларға, ЕО-мүше елдеріне, АҚШ-а, евродепутаттар мен дипломаттарға менің осы үндеуімді қолдауды, таратуды сұраймын, сүйтіп менің жақын туыстарыма, маған және  Қахарман құқық қорғау ұйымының құқық қорғаушысына  қарсы бағытталған арандатулардың алдын алғым келеді.

Дерек көзі: Дана  ЖАНАЙДЫҢ Фейсбуктағы жеке парақшасынан

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.