Алтынай Адамова
Qaharman  қатарында адам құқын қорғап жүрген саяси қызметім үшін қуғындау жалғасып жатыр.

 2020  жылдың 28 наурызында үйіме полицейлер келді, қолыма шақыру қағазын беріп Аманбике Мейірхановаға (Хайролла) байланысты қылмыстық іс бойынша шақырылғанымды айтты. Мен бұл әйелмен жеке таныстығым жоқ, телефон нөмірін білмеймін, фейсбукте дос  та болған емеспіз. 

8 сәуірдеАманбике Мейірхановаға (Хайролла) байланысты іс бойынша ұзақ уақыт тергеуден соң адвокатым екеуміз тергеушінің кабинетінен шыққан кездеполиция департаментінің ғимаратының саты басқышында екі полицей күтіп тұр екен. Олар  ҚР КоАП 478 бабы бойынша (Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіптерді арандатуға итеретін іс-қимылдар) маған қатысты әкімгершілік құқық бұзушылыққа байланысты Дана Жананың постын(2020 жылдың 22 наурызында наурызында 4 белсендінің және 70 адамның Ақтөбенің арнаулы қабылдау орнындағы тамақтың  төмен сапада екендігі үшін аштық жариялағандар) көшіріп бөліскенім үшін хаттама толтырмақшы екен. Тергеу орындары менің осылай әлеуметтік желі арқылы (қорғаудың мұндай түрі ең тиімді жол екенін айтқым келеді)жариялы түрде оларды ашық қорғағаныма кінә артады. Бұл менің құқым. 
10 сәуір күні адвокатым екеуміз тергеушіде болдық (бұл күні де менен тартып алынған телефонымды қайтармады), менің артымнан полицияның үш қызметкері келіп онлайн сотқа баруымды талап етті. Маған 40 айлық есептік көрсеткішке айып салды. (Дерек көзі: Алтынай Адамованың Фейсбуктағы жеке парақшасынан)

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.