Соңғы бірнеше күндер бойы әртүрлі мәтінде және мазмұнда «түрме жағдайындағы коронавирус» деген тақырып қозғалып жүр. Бүгін осы тақырыпқа байланысты комментарий да бердім.

Түрме жағдайында вирусқа байланысты бұрын-соңды болмаған жағдаяттардың туып қалулары мүмкін. Ол жағдайларды Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелерінің әкімдіктері мен полициялары шешуге ықластары болмай отыр.

 Алматы облысының Заречное селосындағы 155\ 9 (71-і лагерь) мекемеден 1 немесе 2 сәуір күні сотталушы Саят ЖАСЫБАЕВ түрмеден босанған. Бұл жағдай біздің тәжірибемізде бұрын еш уақытта болмаған — Саят «Реванш» қоғамдық қорының кепілдемесі бойынша босатылды. Бұл жағдайдың баршаға жария болуына осы қордың адамдары себеп болды, басқаша сөзбен айтар болсақ,  олар «бүкіл елді дүрліктірді».

Саят ЖАСЫБАЕВ — үшінші топтағы мүгедек, науқас, дәрігерлік көмекті қажет етеді. Ол тұратын Нижняя Пятилеткада Саятты ауыр науқастағы әкесі күтіп отыр. Саятқа «Реванш» қоғамдық қорының мүшелері көмектесуге дайын — азық-түлік, киім, есепке тұрғызу үшін құжаттарын дайындауға көмек, фтизиатрдың көмегі… мұндай жағдай жиі бола бермейді. Жәй ғана қарапайым сотталушыға мұндай қамқордың табылғаны сирек те болса мақтауға тұрарлық жағдай.

Бірақ, осыншама жасалған көмек пен қамқорлық бір мезетте жоқ болайын деп отыр, себебі — коронавирус карантині, Алматыға кіруге тиым салынған. Мекеменің әкімдігі, «отряд» бастығы Әсет ЕРТАЕВ Жасыбаевты түрменің қақпасынан көшеге итеріп жіберді де, осымен менің жұмысым бітті деп, қолын дезинфекциялап жайына кеткен.

Иа, көп жағдайда осылай жасайды. Мүмкін адамның қолына бір бөлке нан беріп, билетін алып беріп автобусқа мінгізіп жіберер. Үйіне өзі жетеді, бірақ қазіргі жағдай басқаша емес пе. Көліктер жүрмейді, лагерь облыстың аймағында, сотталушы 50 шақырым жердегі Алматыға жетуі керек. Жарайды, адам Алматының шетіне жетсін делік, ол жерде карантиндік патруль адамды тек қана жеке куәлігі бойынша, алматылық тіркемесі бойынша ғана кіргізеді,  куәлікті сканерге түсірген соң ғана  рұқсат беріледі…

Мүгедек Саят ЖАСЫБАЕВТЫҢ қолында жеке куәлігі жоқ, ол куәлік басқа құжаттармен бірге Нижняя Пятилетканың учаскелік полицейіне жіберіледі. Саят өз құжаттарын тұратын жеріне есепке тұрған соң ғана алатын болады.

Оның қолындағы қазіргі құжаты — түрмеден шықты деген билеті яғни анықтамасы. Компьютердің программасы ондай құжаттарды есепке алмайды да сотталушыны «шагом марш!» деп кейін қайтарады. Ол сосын қайда барады, адамды арнайы қабылдайтын бөлмелердің біріне апарып жатқызары анық.

Әрі қарай не болуы мүмкін дейсіз ғой. Өкпе дімкәсті мүгедек егер арнайы қабылдау орындарына түссе, ол жерде неше түрлі вирустар қаптап жүр, сөз жоқ өлімтік болары анық. Аман қалса, бірнеше күннен соң Нижняя Пятилетканың учаскелік полицейі іздеу салуы мүмкін. Себебі, Жасыбаев шартты түрде мерзімінен босанғандықтан келіп есепке тұруы міндет еді, бірақ келген жоқ. Келмеді, қашқын екені анық. Іздеу салынады. Біршама уақыттан соң арнайы қабылдау орнынан Саяттың табылары анық, бірақ оның қашқын еместігін кім дәлелдеп жатады… Сот, қайтадан түрме қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай талай рет болған, талайлар басынан өткерген..

Басқа сөзбен айтар болсақ — мекеме әкімдігі біле тұра қасақана осындай арандатуларды шартты түрде мерзімінен бұрын шыққандарға дайындауда, әрине учаскелік полицейдің жауапсыздығының арқасында. Дәл осындай жағдайларды болдырмауға тиісті, олардың алдын алуға міндетті кісілер, осы шараларды жасамай отыр.  Алматы облысының @КУИС, @ДУИС мекемелері, Алматы қаласының полициясының департаментінің баспасөз қызметі бұл мәселеге дереу араласып көмектесулері қажет. Себебі дәл осы болып жатқан жағдай — нағыз қызметтік қылмыс, ал қылмыс жасағандар жазаларын тартуы тиіс. Олардың өз жазаларын алуына ат салысатындар баршылық.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.