Азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевке ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының 4 бөліміне жататын қылмыстық айып тағылып отыр, яғни «төтенша жағдай уақытында қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін төндіретін немесе азаматтар мен ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделеріне молынан зиян келтіретін немесе заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне төтенше жағдайда зиян келтіретін шындыққа жуыспайтын ақпараттарды таратқаны үшін»  деген айып қойылды. Бұл жерде осы бір «төтенше жағдай» дегенді түсініп алу қажет болар.

Полиция тағып отырған «қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупі» немесе «заңды мүдделерге молынан зиян тигізетін»  айыптар турасында олардың қаншалықты айғақтары  бар ма, жоқ па, ол жағына тоқтамаймын.  Маған түсініксіз жері, ақпарат тарату турасында «Нұр Отан» партиясының коронавирусқа байланысты болған  төтенше жағдайға  қандай қатысы бар, түсініксіз. Әзірше бұл хабарды полиция жағы таратып отыр. Оған қоса айтарым, Ильяшев мырза бұл мәселе бойынша, «төтенше жағдайдың аясында» ұсталатын соңғы адам емес болар деген де қаупім бар.

Төтенше жағдай туралы Заң бойынша  бұл «Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылымын сақтауға, тек қана азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған уақытша шара, бұл шара кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ерекше құқықтық режим жағдайында қызметтерін атқарулары қамтамасыз етіледі, сонымен бірге  азаматтардың, шетелдіктердің,  азаматтығы жоқтардың  құқықтары мен еркіндіктерін ішінара шектейді, заңды тұлғалардың да құқықтарын шектей отырып оларға қосымша міндеттер жүктейді…»

Сонымен бірге, төтенше жағдаяттардың екі түрі болған кезде Төтенше жағдай енгізіледі:  «1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдаяттар, яғни Қазақстан Республикасымен шекаралас елдің аймағынан адамдардың жаппай өтулері орын алса; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгерту орын алса; билікті күшпен тартып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып  билікті күшпен сақтап қалуға бағытталған террорлық актілер, күш қолданулар жасалса;  ұлтаралық, конфессияаралық жаппай тәртіпсіздіктер, дау-жанжалдар; заңсыз жолмен қаруланған топтардың дайындалуы мен әрекеттері орын алса; әскери бүлік жасалса; диверсиялар; әскери қақтығыстарды қоздыру мақсатында басқа мемлекеттердің тарапынан арандату; Қазақстан Республикасының территориялық тұтастығы бұзылса; және

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдаяттар, яғни табиғи апаттар (жер сілкіну, топан су, жер көшкіні. су басып кету және басқалар), экологиялық  дағдарыстық жағдаяттар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен ормандардың ауруларға шалдығуы, зиянкестерге тап болуы, өндірістік, көліктік және басқа апаттар, өрт қопарылысы, өте улы заттардың, разиоактивті және биологиялық заттардың апатты зұлматты жайылуы немесе жайылу қаупі, күтпеген жағдайдағы үйлер мен ғимараттардың құлауы, плотиналардың  бұзылуы,

адам өмірін қамтамасыз ететін электроэнергетикалық, коммуникациялық, тазалау  жүйелердің апаты, жағдайды тез тұрақтандыруды талап ететін, тәртіпті дереу орнататын, құтқару және авариядық-қалпына келтіру жұмыстарын  жасауға жағдайлар қажет кезінде»

Қылмыстық кодексте төтенше жағдаят пен төтенше жағдай деп аталған баптардың барлығындағы қылмыстар басымдыққа ие, яғни олар төтенше жағдаяттардың бірінші түріне, әлеуметтік түріне жатады. Себебі олар «жаппай тәртіпсіздіктер» немесе «әскери жағдаймен» немесе «антитеррорлық операциялармен» қатар тұр. Сонымен бірге тағы да басқа экологиялық қылмыстар жайлы баптар да бар, онда экологиялық төтенше жағдаяттар туралы айтылған.

Қылмыстық кодекстің 274 бабында төтенше жағдай әскери жағдаймен, әскери уақытпен қатар жұртшылық алдындағы іс-шаралармен бірге айтылған, сірә жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі жағдайды еске алған болар. Осы контекстке сүйенетін болсақ, шындыққа жуыспайтын жалған ақпаратты таратудың пандемияға немесе онымен күреске ғана қатысы бар.  Табиғи немесе техногенді сипаттағы төтенше жағдаят жөнінде шындыққа жуыспайтын ақпарат таратып ол төтенше жағдайды енгізуге  негіз болды деп дәлелдемей, айғақсыз ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының төртінші бөлімін қолдану менімше негізсіз, себебі бұл мәселенің төтенше жағдайдың шарттарына қатысы жоқ.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.