«Әкімгершілік  жаза қолдану жөнінде бірінші деңгейдегі сот әкімшілік қамауға алынсын деп қаулы шығарып, ол қаулы заңды күшіне енгенге дейін әкімгершілік заң бұзушыларға жасалатын мұндай іс-қимылдар заңсыз. Бұл жерде Конституция мен КоАП бір-біріне қарама-қайшы болып тұр. Конституцияның 77 бабына сәйкес  «заң күшіне енген сот шешімінсіз, адамды қылмыс жасады деп айыпты санауға  болмайды».  Оны айтасыз, осы баптың нормасында былай делінген: төмен тұрған заңдар, егер олар азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін болса, олардың жауапкершілігін күшейтетін, нашарлататын, бекітетін болса олардың кері күші болмайды.  Сонымен бірге, ҚР КоАП-ң 834 бабының жалпы нормасында «Уақытылы мерзімінде берілген шағым, әкімгершілік шараның орындалуын  апелляциялық шағым қаралғанға дейін тоқтатады» делінген.

Бірақ осыған қарамастан, бүгінгі Қазақстан республикасындаем осындай құқықты қолдану тәжрибесі қалыптасқан, яғни әкімгершілік қамау жөніндегі қаулы жарияланған сәттен бастап адамды қамап арнаулы орынға отырғызады. Бұның себебі — ҚР КоАП жалпы және арнаулы нормалардан тұрады,  жалпы нормаларды іс жүзінде жалпылауға болады деген түсінік қалыптасқан. Ал арнайы нормаларға келетін болсақ. бұл нормалар күнделікті қолдану тәжрибесінде нақты жәйттарды реттеп отырады.  Атап айтатын болсақ, ҚР КоАП 835 арнайы бабының нормасы мынадай процедураны нақтылайды:  «Әкімгершілік қамау жөніндегі қаулыға байланысты шағым, апелляциялық өтініш беріледі, егер осы жауапкершілікке тартылған адам әкімгершілік қамауда отырса,  өтініші берілген уақытынан бастап бір тәуліктің ішінде қаралуы тиіс». Егер осы арнаулы норманың күшін пайдаланатын болсақ, сот актісі жарияланған уақыттан бастап адам қамауға алынады.  Бұл жерде құқықтық коллизия, мүдделердің қарама-қарсылығы орын алып отыр. Бұл норманы күнделікті тәжірибеде тек қана айыптау бағытында пайдаланып, ҚР Ко АП-ң 834 жалпы нормасында қарастырылған айыбы жоқтық презумпциясын көзге де ілмей келеді.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.