Соңғы бірнеше күндері азаматтық белсенділердің  ұсталулары, сотталулары жайлы хабарлар жиі орын алуда. Бірақ мұндай жағдайлардың коронавирусқа байланысты жарияланған карантин мен ТЖ кезінде  орын алуын кездейсоқтық деп айта алмаймыз.

Полицейлерді белсенділіктерінің мұншама артуы өздігінен еместігі айқын, себебі мұндай жағдай Қазақстанның әртүрлі облыстарында болып жатыр. Карантин мен ТЖ кезінде ұсталған белсенділерді жұртшылықтың жаппай қолдауын азайту мақсатында жоғарыдан бұйрық түскеніне күмәніміз жоқ.

Жаңа ғана белгілі болды, азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшевті полицияның тергеу органдары ұстап Уақытша ұстау изоляторына қамады деген хабар жетті.  Әлнұр қандай екені белгісіз  бір «ескертулерді тыңдамағаны», «Нұр Отан» партиясының талап арызы бойынша қанағаттандырылған сот ұсыныстарын жарияламағаны және де «шындыққа жуыспайтын» деректерді таратқаны үшін айыпталып отыр. Әлнұрдың ұсталғаны жайлы хабарды жариялаған «Vласть» журналистерінің өздері таң қалып отыр. Олар айтады, бұлары несі, Әлнұрға ТЖ желеу етіп бүгін айып тағып отыр, ал болған оқиға әлдеқашан карантин мен ТЖ дейін болды емес пе дейді.

Әлнұр ИЛЬЯШЕВТІ «шындыққа жуыспайтын» хабарларды таратқаны  үшін деп  өз үйінде ұстауы, оның Уақытша ұстау изоляторына қамалуы өзін өзі айқындап отырған жоқ па: оны айыптау мен оған қарсы полицияның ұстау шаралары тіпті сай келмей тұр ғой, интернетке қараңызшы, қаншама сондай хабарлардың жарияланып жатқанына, полиция зорлық-зомбылықшыларды, ас үйде төбелесушілерді, қоғамдық қылмыскерлерді көрмеген болады. Оған қарама-қарсы,  бұрын ешқандай тәртіп бұзбаған азаматтық белсендіні түрмеге жатқызады.

Бұл жерде біздің байқауымыз бойынша, біз азып-тозған биліктің жүгенсіз іс-қимылдарын көріп отырмыз: қамау, қуғындау, қысым көрсету жолдарымен азаматтық белсендіні тәубеге келтіру, кешірім сұрату, осы әдістер жолымен бостандықта жүрген басқа да белсенділерді «тыныштандырмақшы».  Темір Феликстің мынадай сөздері бар ғой: «…Сіздердің түрмеде отырмағандарыңыз сіздің еңбегіңіз емес, біздің кемшіліктеріміз…». Сол темір Феликстің үлкен портреттері  коптеген полицейлердің кабинеттерінде әлі күнге дейін ілулі тұр…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.