Әлнұр ИЛЬЯШЕВТІ екі ай қамауға алу жөнінде санкция берілді, Қарағандыда Арман ШОРАЕВ ұсталды. Карантинге тән емес қызық жағдаяттар болып жатыр.

Аталған екі жігітті  олардың бүгінгі таңдағы оппозициялық азаматтық белсенділіктері ғана емес, олардың осы кезге дейін «арғы бетте» жүріп басынан кешкендері де біріктіреді.

Екеуі де өткен өмірде желдері оңынан соққан жігіттер, бірақ «күтпеген сәтте», ол жағын біле бермейміз, ойламаған жерден қарсы жаққа ұнамайтын пікірлер айтып қарсы жаққа өтіп кетіпті; олар Назарбаевтың адамдарына айтып жатқан сөздері (қанішерлер және т. б.) ашық та айқын, көпшіліктің көңілін дөп басты.

Міне, аяғында екеуі де түрмеден бір-ақ шықты. Бұл жағынан да екеуі бірдей болып шықты. Екеуін де ұстауға бір жақтан тапсырма түскендей; бұлай деп тұжырым жасауымызға негіз бар — екеуіне де бірдей айып тағылуда, бір сәтте қамалып отыр, ұстау  шаралары да бірдей.

Бір нәрсе айқын — бұл азаматтар жұртшылықтың алдына шығып сөз айтқандары үшін ұсталып отыр, екеуі де шындықты айтқаны үшін, баяғыдан бері жұрттың бәріне аян  жалаңаш шындықты айтып отыр. Сондықтан да біз оларды қолдауға тиіспіз. Солай еткеніміз дұрыс болады.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.