«…Олар кірген уақытта, біз оларды бандит деп қалдық… мені жерге құлатқан кезінде жағасынан ұстап үлгеріп: «балаларды өлтірмеңдер! деп айтып үлгердім (Данияр Молдабековтың материалынан, «Vласть»)

Әлнұр Ильяшевті ешқандай себепсіз, аяусыз қаталдықпен өз үйінде, туыстары мен  жас балалардың, қарт ата-анасының, бала емізіп отырған әйелінің көзінше ұстауы — дәл осылай жоспарланған тапсырма болар деген ойға жетелейді.

Бар болғаны жалған ақпарат таратты (!) деген айыпталушыны ұстауға бір учаскелік полицей мен екі куәгер жетіп жатыр емес пе. Тінту қажет болса, тергеуші ғана қажет, басқа ешкімнің керегі жоқ.

Әдейі біреулер оған арнайы тапсырмалар үшін қолданылатын әскерді (мұндай іске спецназ жіберілмейді) жіберіп отыр. Әскерді жұмсаушылар Әлнұрды қалай ұстау керектігін (жерге жатқызып, қарияларды құлатып) оларға мұқият тапсырғаны байқалады. Ұстаудың мұндай түрі тек қана қарулы банданы, террористерді ұстау кезінде ғана қолданылады.

Осы бір «белгісіз» тапсырма беруші бұл ұстауды көргендер зәресі кетіп есінен тансын, ата-анасы мен әйелі, балалары ешқашан ұмытпайтын болсын деп ойластырған. Бұл ұстауды көргендер мен ол жайлы естігендер, осы жайлы оқығандар  Әлнұр Ильяшевтің  қасында жүргендерге жеткізсін деп қорқытуды да жоспарлағаны аңғарылып тұр.

Карантин мен Төтенше жағдай кезін пайдаланып халықтың наразылық ұстанымын қорқыту арқылы қарсылықтарды әлсірету жөнінде жоғарыдан полицейлік директива түскенін тағы да қайталап айтамыз. Бүгінгі таңдағы  бейбіт  түрде азаматтық белсенділік жасаушылардың жетекшілерін  осындай әдістермен қорқытпақ, үркітпек.

Шынтуайтқа келер болсақ, ешқандай жаңалықты ашып отырған жоқпыз. Диктатуралар әрқашан осылай істеген. Құлау шағына жақындаған сайын  (диктатуралардың өмір кешу ақиқаты бойынша құлар шағы алыс емес) олардың аяусыз қаталдығы артып өз өлімін өздері жақындата түседі.

Ең бастысы — олардың бұл тірлігінен ештеңе шықпайды. Әрине, кейбіреулерді мұндай шаралар қорқытуы мүмкін, ондайлар жасырынып бұғып қалады, басқаларды қайрай түседі, өршелендіре береді.  Ондайлар көп емес, бірақ олар бір өздері жүзге, мыңға татиды. Міне сондайлар  Каддафиді аяғынан жоғары көтеріп асып қойды, ал Каддафи  бір ай ғана бұрын 100 пайыз дауыс алған емес пе еді…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.