Ең бастысы — үрейге ерік бермеңіз, агрессивті болмаңыз, шытынама мінез көрсетпеңіз. Сұрақтарға сыпайы сенімді жауап беріңіз. Полиция қызметкері өзін таныстыруы қажет, қызметтік куәлігін ашып көрсетуі тиіс. Сосын барып сізге сөздерін айтуы қажет.
Егер полицей құжатыңызды көрсетіңіз деп сұраса біліп қойыңыз, «Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар жайлы» ҚР Заңының 9 бабына сәйкес — «Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты өмір сүріп жатқан азаматтардың өзін куәландыратын құжатының болуы міндетті» деп жазылған. Бұдан шығатын қорытынды: сіз куәлігіңізді өзіңізбен бірге тұрақты түрде алып жүруіңіз міндетті емес. Еш себепсіз құжатымды сұрап отыр деп санасаңыз, сыпайы түрде бас тартуыңызға болады. Полицейдің құжатыңызды көрсетіңіз деп талап етуіне болады, егер сіз құқық бұзатын іс-қимыл жасасаңыз.