Ұстау, яғни осы мәтіндегі бұл сөздің мағынасы былай: бұл азаматты оның еркінен тыс қандай бір болмасын ішкі істер органдарының біріне жеткізу. ҚР ҚПК-ң 131 бабы бұл процедураның заңнамалық мәнін сипаттайды.

Ұсталу жайлы білгісі келген адамдарға арналған ұсыныстар:

  1. Өзіңізді сабырлы ұстаңыз, сізді ұстағандарға қорқыту, балағаттау айтпаңыз, себебі айтқандарыңызды олар сосын сізге қарсы қолданулары мүмкін. Қолыңызбен сілтеу, аяғыңыз, денеңізбен қимылдар жасамаңыз, мұндай әрекеттерді сізді ұстаушылар қауіпті қимылдар деп бағалаулары мүмкін. Ұстау процесін бейне таспаға түсіруге болады.Түсіруді басқа біреуге айтқаныңыз жөн, себебі сіздің жасаған түсіруіңіз полицияға қарсы айғақ болған кездерде ұстаушылар бейнені «байқамай» жоғалтып алулары мүмкін.
  2. Сізді ұстаушылардан куәліктерін көрсетуді, қандай негізге сүйеніп ұстап жатыр, апаратын жерін айтуды талап етіңіз. Сіздің бұл талаптарыңыздың орындалмауы әбден мүмкін, мұндай кезде сіздің полиция қызметкерлерінің құқық бұзғандары жайлы нақты дерегіңіз болады.
  3. Адвокатқа немесе сенімді адамыңызға телефон соғып ұсталғаныңыз жайлы, не үшін, қай жерде ұстағанын, ұстағандардың аты-жөнін, қайда апаратынын хабарлаңыз. Телефон соқпас бұрын бұл деректерді жадыңызда ұмытпай сақтауға тырысыңыз. Телефон соққан адамға осы хабарды жазып алып тиісті жерге (сіз айтқан) хабарлауын сұраңыз.
  4. Әрқашан адвокатыңыздың аты-жөні және телефоны қалтаңызда немесе жадыңызда болсын. Мұндай кезде сізді жеткізген соң адвокатыңызға хабар беруді талап етуіңізге болады, оған дейін ешқандай қызметкермен сөйлесуден бас тартуға құқыңыз бар. Мен полициямен қарым-қатынас (байланыс) жасаудан бас тартпаймын, бірақ ол байланысты адвокатымның көзінше заңға сәйкес жасаймын деңіз. Адвокатсыз көрсетулерді талап еткен жағдайда, бұл әрекетті өзіңізге жасалған заңсыз қысым деп бағалайтыныңызды, осыны талап еткен қызметкердің аты, жөнін айтуын сұраңыз және бұл жағдайды көрсетулер кезінде жазып прокуратураға шағым айтатыныңызды ескертіңіз.
  5. Егер де бір себептермен өз адвокатыңыз болмай қалған жағдайда, мемлекеттік адвокатты беруді талап етіңіз, ол табыламын дегенше өз адвокатыңыз немесе туысқандарыңыз бен жақындарыңыз ұсынған адвокат табылып қалары анық.
  6. «Әзірше сөйлесе тұрайық, сосын үйге жібереміз» дегенге көнбеңіз. Осындай әдіспен өздеріне қажетті көрсетулерді жазып алады да, сосын өзіңізге қарсы пайдаланатын болады.

7.Көрсетулерді қай тілді жақсы меңгергенсіз, сол тілде беріңіз.

  1. Егер сіздің көрсетулеріңізді сізге қарсы пайдалануы мүмкін деп ойласаңыз, тіпті ешқандай көрсетулер беруден бас тартуыңызға болады. Егер сізге бәле, жала жабуы мүмкін деп қорықсаңыз, сұрақтарға «иа», «жоқ», «көрген жоқпын», «естіген жоқпын», «есімде жоқ» деген сияқты қысқа жауап беріңіз. Сіздің кінәңіздің бар екенін дәлелдеу, сізді ұстаған адамдардың міндеті.
  2. Ешқандай қағазға өзіңіз танысып шықпай, адвокатыңыздың рұқсатынсыз қол қоймаңыз.

ПАЙДАЛЫ  КЕҢЕСТЕР. Ұстау кезінде қандай құжаттар дайындалады және сол кездегі полицейлердің тәртібі.

Мемлекеттік қызметкерлердің Кодексіне сәйкес, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуальдық кодекстердің негізгі принциптеріне сәйкес полицейлер өздерін өте әдепті ұстап, тек «сіз» деп сөйлеп адамның қадір-қасиетін қорламауы тиіс.

Полицейлерге күш, арнайы құралдар, тіпті қару  қолдануларына болады, егер оларға қарсы агрессивтік қимылдар жасалса немесе олардың заңды талаптары орындалмаса. Мұндай кездегі күш қолдану дәрежесі адамның полицейлерге қарсы жасаған агрессивтік іс-қимылы деңгейінен артпауы тиіс. Ұсталуға тиіс адам агрессивтік қимылдары тоқтаған сәттен бастап оған қарсы күш қолдану да тоқталуы тиіс.

Қылмыстық құқық бұзушы деген күдіктелушіге қызметкер ол қандай қылмыстық іс бойынша ұсталып отырғандығын, адвокат шақыруға, ештеңе айтпауға құқы бар екендігін, айтқан сөздері сотта өзіне қарсы пайдаланылатынын ауызша айтуға тиісті.

Органның қызметкері, анықтаушы, тергеушілер ұстау жайлы хаттама толтырады. Ұсталған адамның денсаулығы мен денесінде ешқандай жарақат, дақ жоқ екендігі куәландырылуы тиіс. Қалып алған тәжірибеде тергеуші (анықтаушы) бұл «майда-шүйдаларды» орындамайды. Бірақ, олар жайлы талап етуге құқыңыз бар, егер бас тартылса — бұл жәйт ұстау хаттамасында немесе кейінгі көрсетулерде жазылуы қажет.

Ұстау хаттамасында көрсетіледі:

  1. Күдіктінің аты, әкесінің аты, тегі;
  2. күдіктіні кім ұстады, қандай негіз болды, мотиві, ұсталған орны, ұсталған нақты уақыты және жеткізілген уақыты (сағаты, минуты).
  3. күдіктіге құқтары туралы түсініктеме жасалғандығы жайлы;
  4. жеке басын тінтудің нәтижесі;
  5. ұсталған адамның денсаулығы жайлы деректер;
  6. хаттаманың жасалған жері мен уақыты. Хаттамаға оны жазған тиісті қызметкер, күдікті және қорғаушысы (қатысуымен) қол қояды. Хаттамаға дәрігерлік қорытынды тіркеледі.

Тағылмаған айып бойынша сізді 48 сағатқа дейін ұстауға болады. Ұстау уақытының басталуы сізді өз еркіңізбен жүруге тиым салған уақыттан саналады. Осы уақыттан сізді полицей бөлімшесіне жеткізуге бірнеше сағат уақыт кетуі мүмкін.

72 сағатқа дейін ұстауға болады:

  • ерекше ауыр қылмыстық іс жасады деген күдікпен;
    2) террорлық немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдікпен;
    3) жаппай тәртіпсіздік болған кезде қылмыстық іс жасады деген күдікпен;
    4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдікпен;
    5) есірткілермен, психотропты заттармен, прекурсорлармен және оның аналогтарымен заңсыз сауда айналымын жасады деген, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жыныстық пәктігіне қарсы әрекеттер жасады деген және адам өліміне соқтырған қасақана істер жасады деген күдікпен;
  • 6) алыс қашықтықта болуына байланысты немесе қатынас жолының болмауы және төтенше жағдай немесе төтенше жағдаят болғандықтан күдікті адамды тергеушіге уақытында жеткізе алмайтын кездерде.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.