Сотталушымен әлеуметтік пайдалы  қарым-қатынас жасауды қолдау мақсатындағы  сотталушыны ауыстыру   Ережесін  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығын  бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жыл 14 шілдеде № 15332 нөмірмен тіркелген

(Аннотация 21.07.2017 ж.)

(қызметке енгізілмеген)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабының 4-1 бөліміне сәйкес және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекіткен 31.05. 2017 жылғы № 375 бұйрығына сай сотталушымен әлеуметтік пайдалы  қарым-қатынас жасау үшін сотталушыны ауыстыру   Ережесі бекітіледі

Сотталушыны, онымен әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас жасап тұру мақсатында, басқа сондай түрдегі мекемеге ауыстыру (мұнан кейін ауыстыру) қылмыстық-атқару жүйесінің өкілетті органының (Комитет ҚАЖ) жазбаша хатының негізінде жүзеге асырылады.

Сотталушының күйеуі (жұбайы), жақын туыстары және туысқандары (мұнан кейін туысқандары) Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен анықталады.

Ауыстыру мәселесін қарауға сотталушының немесе оның туысқандарының еркін түрде жазылған жазбаша арызы негіз бола алады.

Сотталушыны ауыстыру мәселесін қозғаушы туысқандары арызға төмендегі құжаттардың көшірмесін бірге тігеді:

1) жеке куәлік;

2) сотталушымен туысқандығын дәлелдейтін құжат;

3) мекен жайының тіркелген орны;

Егер сотталушы ауыстыру жайлы өзі арыз жазса, онда арызында әлеуметтік пайдалы қарым-қатынас жасап отырған туысқандарын арызға қосады.

Арызға қосып тігілген басқа құжаттар қаралмайды және жауаппен бірге қайтарылуға жатады.

Арыз ҚАЖ Комитетінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау тәртібі туралы» Заңына  сәйкес қаралады.

Қылмыстық атқару кодексінің 88 бабының 4-1 бөлімінің талаптарына сәйкес келген сотталушы, өз келісімімен, күшіне енген үкіміне немесе сот қаулысына сәйкес жағдайда  ауыстыруға жатады.

Мекеме әкімдігі сотталушыға ҚАК-ң, Заңның, осы Ереженің талаптарын түсіндіреді және қажет болған жағдайда қосымша құжаттармен толықтыруға немесе арызының мазмұнын жөндеуге ұсыныс жасайды.

Сотталушының арызы және оған қосып тігілген құжаттар мекеменің әкімдігі арқылы ҚАЖ Комитетіне жіберіледі, арызды алған күннен бастап үш күннің ішінде жіберулері тиіс.

Мекеме әкімдігі сотталушының арызына қосымша келесі құжаттарды (еркін түрде) қосып жібереді:

сотталушының  жеке ісі жайлы анықтама;

сотталушының басқа мекемеге бару мүмкіндігі жайлы дәрігерлік анықтама;

сотталушының әлеуметтік пайдалы қарым-қатынасты қалай атқарып жатқандығы жайлы анықтама;

Жағымды тәртібі жоқ немесе теріс мінездерімен танылған сотталушы ауыстыру жайлы арыз берген жағдайда, ол жайлы ҚАК-ң 95 бабы көрсеткен, құжаттарға еркін түрде жазылған сотталушының ҚАК-ң 88 бабымен және осы Ережемен таныстым деген қолхаты тігіледі.

 Ауыстыру жайлы арыз жазған сотталушының немесе оның туысқандарының (кездесу, сырттан заттардың келіп тұруы, сәлемдемелер (бандерольдар), хат, телефон арқылы сөйлесу) көрсеткен адамдармен әлеуметтік пайдалы байланыстарының растығын мекеме әкімдігі тексереді.

Мекеме әкімдігі кемінде жарты жылда бір рет сотталушылар арасында олардың әлеуметтік пайдалы байланыстары жайлы деректерді сұрастырып сотталушының жеке ісіне толықтырулар енгізіп отырады.

Бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан  он календарлық күн өткен соң күшіне енеді.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.