ЭТАП

Адам құқының бұзылуы көп жағдайларда  сотталушыны жазасын өтейтін  түрмесіне немесе бір мекемеден екінші мекемеге конвоймен жеткізу кездерінде орын алады.

ҚР заңнамаларында сотталушының бір орыннан екінші орынға жеткізу кезіндегі ережелері өте аз мөлшерде бір-екі сөзбен ғана айтылған. Онда, сотталушыларға этаппен жолға шығар алдында маусымдық киім және аяқкиім беріледі, мекеме белгіленген нормалармен жол азықпен қамтамасыз етіледі делінген. ҚР қылмыстық-атқару кодексінде бір-екі ауыз сөзбен жол үстіндегі тәртіп сақтау жайлы ғана айтылған. Басқа жоқ! Этап процедурасы реформалауды қажет етеді.

Сотталушылардың аузынан естігеніміз: вагондар адамдарды тасуға бейімделмеген: матрас, жастық жоқ, қасық, тарелка, қайнаған су берілмейді. Жол үстінде туалетке тәулігіне 3 рет алып барады. Сотталғандар этаптың алдында жолға пластикалық бөтелкелерге құйып алып шыққан суларын ішеді, ауыз су мәселесі қарастырылмаған. Жазасын өтейтін мекемеге барар жолда сырттан азық-түлік беруге рұқсат жоқ.

Сонымен бірге, бір купеде неше адам орналасуы тиіс мөлшері белгіленбеген. Іс жүзінде бір купеге қапшық, сөмкелерін арқалаған 7 адамға дейін кіргізеді, мұндай жағдайда адамдар жатып ұйықтай алмайды. Адамдарды тасуға арналған «автозактар» іші жылытылмайды, жарығы нашар.

Адам құқығын қорғайтын ұйымдардың өкілдері этаппен адам тасу процедурасына монитор (бақылау) жүргізе алмайды, себебі бұл мәселе заң жүзінде ескерілмеген. Этаптау кезінде адам көнгісіз (азаптау, қаталдық) жағдайлар орын алу қауіптері бар.

Тағы бір айта кететін жағдай, сотталушыларды жазасын өтейтін түрмесіне жеткізу, бір мекемеден екінші мекемеге ауыстыру екі айға дейін (жолдағы қалаларға тоқтап ондағы тергеу изоляторларында ұстау)  созылуы мүмкін. Жол азық мәселесіне тоқталайық. Бекітілген нормалар бойынша сотталушыларға тәулігіне 600 грамм нан, 500 гр. балық, өсімдік немесе ет консервтері, 50 гр. қант (құмшекер), 3 гр. үнді (түйірленген) шәйі, 10 гр. иодталған ас тұзы беріледі. Барлық тізім осымен бітеді, сотталушыларға басқа түрлі азық-түлік берілмейді.

Мұндай жағдайда этап кезіндегі тамақтың калориялығы жайлы айтып та қажеті жоқ. Бұл мәселе тек заң жолымен ғана шешіледі. Тиісті шағым, арыздарды тіркеп тиісті деңгейдегі орындарға жіберіп отыру керек.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.