ИВС  — Уақытша ұстау изоляторы (ҰҰИ)

Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда адамның құқының бұзылуы, оны ұстау сәтінен Уақытша ұстау изоляторына (ҰҰИ) жеткізу аралығында болады екен. Қалай бұзылады дейсіз ғой?

Адамның қылмыстық заң бұзғандығын анықтау мақсатында полиция қызметкері оны ұстап қылмыстық тергеу органдарына жеткізеді. Кезекші бөлімде адамның жеткізілген уақыты сол заматта (!) белгіленуі керек. Үш сағаттың ішінде жеткізілген азаматтың қылмысқа қатыстылығы айқындалған болса анықтаушы немесе тергеуші Ұстау туралы хаттама жазады. Ұсталған адамға жоғарыда аталған Хаттама жазылмаған болса, азаматты үш сағаттан артық ұстауға болмайды (!).

Көп жағдайларда бұл тәртіп бұзылады. Ұсталған адамға Хаттама жазылған сәттен бастап ұсталған адам күдіктіге айналады, сол сәттен бастап ол адамның заң белгілеген құқықтары болады, атап айтқанда ол адам қорғаушы шақыруға (адвокат) құқы бар, қажет болса аудармашы шақырылады. Айта кетерлік маңызды нәрсе, ҚР ҚПК-ң 131 бабына сәйкес адам күдікті мәртебесіне ие болған сәттен бастап оның денсаулығы және дене мүшелерінде жарақаттардың бар-жоғы куәландырылады. Бұл норма  — адамды ұстау кезінде оған дене жарақаттары жасалған-жасалмағандығын анықтау (!) үшін қажет.

Бірақ та, ҚР ҚПК-ң 223 бабында кішкентай ғана түсініктеме бар. Бұл түсініктеме бойынша адамның денесіндегі ерекше белгілерді, із, дақ, денсаулығына қарсы жасалған жарақаттарды анықтау мақсатында күдіктіні куәландыру үшін анықтаушының немесе тергеушінің қаулысы шығуы керек деп жазылған. Мұндай орашолақ түсініктеме полиция қызметкеріне ұстау кезінде күш қолдану мүмкіндігін береді. Себебі жарақаттардың бар жоғын анықтайтын полицияның өз адамы — анықтаушы немесе тергеуші емес пе. Адамды ҰҰИ қамағанның өзінде мұндай кезде куәландыру жұмысын Изолятордың кезекшісі (!) жүргізеді, себебі көп жағдайда фельдшер жұмыс орнында болмайды, фельдшердің орнын ауыстыру заңды саналады, бұл тәртіп ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген.

Бұдан шығатын қорытынды, полиция қызметкерлерінің адамды ұстау кезіндегі күш қолданып дақ, жарақат қалдырғанын дәлелдеу өте күрделі. Тағы бір айта кететін жәйт, ұстау жөніндегі хаттама жазылған соң күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалуы тиіс. Бұдан кейінгі тергеушілердің жасайтын барлық процессуальдық іс-әрекеттері  азаптау әрекеттерін болдырмау мақсатында арнайы бейнекамерасы бар тергеу кабинетінде атқарылуы тиіс. Дегенмен, бұл нормалар да көп жағдайда орындалмайды. Тәжрибе көрсеткендей, көп жағдайда адамды департаментте, басқармада немесе полиция бөлімшесінде 12 сағат және одан да көп уақыт ұстап әртүрлі күш қолдану әдістерімен тергеу істерін жүргізеді.

Адамдарды тергеу істері кезінде жеке басының құқын бұзуды, азаптау, қатаң күш әдістерін қолдануды азайту бағытында ҚР заңнамаларына өзгерістер енгізу қажет. Ол үшін «күдікті» деген мәртебе алған сәттен бастап мыналарды талап ету қажет:

— қорғаушыны және қажет болса аудармашыны шақыру;

— жалпы денсаулығы мен дене мүшелерінде дақ, жарақаттардың бар-жоғын анықтап куәландырулы;

— Уақытша ұстау изоляторына отырғызуды;

— Уақытша ұстау изоляторының (ҰҰИ) медицина қызметкері денсаулығына анықтау жүргізсін;

— процессуальдық (тергеу) іс-әрекеттері тек тергеу кабинетінде жүргізілсін. Бұл талаптарды тек жазбаша сұрау керек.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.