Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарды құру

Қазақстанның бүгінгі қолданымындағы заңнамалар бойынша ҚР-а коммерциялық емес заңды тұлғаларға арналған  оны құрудың бірнеше ұйымдық-құқықтық түрлері қарастырылған.

Коммерциялық емес ұйымдар Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» Қазақстан Республиканың заңымен және де ҚР аймағында жұмыс істеп жатқан басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеліп отырады.

«Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» Заң талаптарына сәйкес мыналар коммерциялық емес ұйымдар болып саналады:

  1. Меемелер мен жеке меншік мекемелер
  2. Қоғамдық бірлестік
  3. Қорлар
  4. Тұтыну кооперативі
  5. Діни бірлестік
  6. Коммерциялық емес акциялық қоғам
  7. Коммерциялық емес ұйымның басқа ұйымдық-құқықтық түрі
  8. Заңды тұлғалардың ассоциациялар (одақ) түріндегі бірлестігі.

Біз коммерциялық емес тұлғалардың негізгі және көп тараған азаматтық қоғам белсенділерін тіркеп жүрген — қоғамдық бірлестіктер мен қорларды алып көрелік.

Қоғамдық бірлестіктер:

Қоғамдық бірлестіктердің түрлері.

ҚР-а республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып жұмыс істей алады. ҚР-ағы облыстардың жартысынан жуығында өзінің құрылымдық бөлімшелері болса ондай бірлестік республикалық болып саналады.

Егер ҚР-ң облыстарының жартысынан кемінде өзінің құрылымдық бөлімшелері болса ондай бірлестік аймақтық болып саналады.

Қазақстан Республикасының бір облыс аймағында жұмыс істеп жатқан қоғамдық бірлестіктер жергілікті болып саналады.

Тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктер өз мәртебесін дәлелдеу үшін осы бірлестікті тіркеген органға —  аймақтық әділет органдарында құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін құжаттардың көшірмесін тапсыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер жайлы» Заңының 5 бабына сәйкес қоғамдық бірлестіктер мынадай мақсаттарды көздеп құрылады:

-азаматтардың саяси, экономикалық және мәдени құқықтары мен еркіндігін, азаматтардың белсенділігі мен өзі қалаған іспен айналысу мүмкіндіктерін дамыту мен қорғау;

-кәсіби және жеке тұрғылық қызығушылық мүдделерін қанағаттандыру;

-адамдардың ғылыми, техникалық және шығармашылықпен айналысуын дамыту,  денсаулықтары мен қоршаған табиғи ортаны қорғау;

-қайырымдылық іс-шаралармен, мәдени-ағарту, спорттық-дене шынықтыру жұмыстарымен айналысуды көздеп;

-патриоттық, құқықтық және гуманистік тұрғыда тәрбиелеуге;

-халықаралық қарым-қатынасты кеңейту және нығайту;

-ҚР заңнамалары тиым салмаған басқа да істерді жүзеге асыру;

Құруға тиым салынады және айналысуға болмайды:

-экстремистік мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктерді құру;

-әскери жасақтар тұрпатындағы, әскери құрылымдары, формасы, арнайы белгілері, әнұраны, туы, вымпелі, басқаруы мен ішкі тәртібінде арнайы тәртіп жүйесі, қаруы, соның ішінде қуыршақ қаруы бар қоғамдық бірлестіктер;

-басқа мемлекеттің саяси партиялары мен кәсіподақ ұйымдарды, діни негіздегі партияларды құруға, сонымен бірге шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен кәсіподақтарды қаржыландыруына;

-азаматтардың денсаулығы мен олардың имандылық ұстанымдарына зиянын тигізетін қоғамдық бірлестіктерді құруға, тіркеуден өтпеген қоғамдық бірлестіктердің жұмыс атқаруына;

Атау таңдаған кезде ҚР заңнамаларында қарастырылған талаптар мен шектеулерді есіңізде ұстаңыз:

1) заңнамалар талаптары мен қоғамдық моральдың нормаларына қайшы келетін атауларға рұқсат етілмейді;

2) өзінің есімін пайдалануға болмайды, егер ол қатысушылардың бірінің атына сәйкес келмесе немесе сол кісілердің (олардың мұрагерлерінен) атын пайдалануға рұқсатын алмаса;

3) заңды тұлғаның аты толығымен немесе басым негізде Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың атауын қайталамауы тиіс.

Сіз таңдаған атауы бар заңды тұлғалардың бар-жоғын білу үшін, облыстық әділет департаментіне хат жазып білуге болады немесе Қазақстан Республикасының электрондық сайтының қызметін пайдаланыңыз.  Ол үшін  www.egov.kz.сайтына кіріп, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» деген жерін басып, ашылған диалогтық терезеге өзіңіздің ИИН-ң нөмірін және осы порталға тіркелген кезде алған пароліңізді кіргізіңіз. Егер бұған дейін электрондық үкіметтің порталында тіркелмеген болсаңыз, тіркелу қиын емес. Ол үшін  «Бизнес» бөліміне кіріп «Тіркеу және бизнесті дамыту» таңдайсыз.   «Показать все услуги (12) деген сілтемені басыңыз»,  «Государственная регистрация юридических лиц, учетная регистрация их филиалов и представительств» деген қызметті таңдайсыз,  сосын «Заказать услугу онлайн» дегенді басыңыз,  «Государственная (учетная) регистрация юридического лица, филиала (представительства) для субъектов среднего и крупного предпринимательства)» дегенді таңдайсыз, сосын «Әрі қарай», сосын Арыздың формасы шығады  «О государственной (учетной) регистрации юридического лица, филиала (представительства)», оны толтырып қажеті жоқ,.  «Полное наименование на русском языке» и «Полное наименование на казахском языке» деген сөздерді тауып алыңыз. Осы сызықтың үстіне өзіңіздің жаңа ұйымыңыздың атын орысша, қазақша толтырыңыз (тырнақшасыз). Сосын курсорды басқа жаққа бұрыңыз. Сол кезде автоматты түрде Базадан іздеу басталады, сондай атаудың бар-жоғын   «Указанное имя юридического лица не является уникальным» немесе «Проверка произведена успешно» деген жауап шығады.. Бірақ мұндай іздеу  100% кепіл бере бермейді, себебі бұл қызмет бизнес-ұйымдарға арналған. Бүгінгі таңда әділет органдарына жазбаша хат жазып сұраудан басқа балама жоқ.

Ескерту:

  • атауды іздеген кезде қосымша қазақша әріптер арқылы жазып тексеру қажет.

заңды тұлғаның атауын www.egov.kz сайты арқылы тексерген кезде ондай атау табылмауы да мүмкін, бірақ осы мезгілде — атауды тексеру мен оны тіркеу аралығындағы уақытта сондай атау тіркелуі де мүмкін.

4) қоғамдық бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және символикасы толығымен және негізгі бөлімінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің, мемлекеттік органдардың, Қазақстан Респбуликасында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің және ҚР заңдарын бұзғаны үшін («Қоғамдық бірлестіктер жайлы» ҚР заңының 18-бабы) жойылған қоғамдық бірлестіктердің атаулары мен символикаларын қайталамауы тиіс.

Қоғамдық бірлестікті қалай құруға болады?

Заңның 10 бабына сәйкес бірлестікті құру үшін ҚР азаматтарының кемінде 10 азаматтан тұратын ынталы тобы құрылтай съезін, конференция, жиналыс шақырып сол жерде бірлестіктің жарғысын қабылдап, органның басқару органдарын сайлайды.  Қоғамдық бірлестік тіркелген уақыттан бастап заңды тұлға ретінде қызметін атқаруға құқы бар. Қоғамдық бірлестіктің жарғысы мынадай жағдайларды қарастыруы тиіс:

-аты, бірлестіктің мақсаты мен міндеттері;

-бірлестіктің орналасқан жері;

-мүше болу (қатысу), мүшелікке кіру мен одан шығудың шарттары, бірлестік мүшелерінің (қатысушыларының) құқы мен міндеттері;

-бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдар мен өкілдіктердің)  құқықтық жағдайы және қандай аймақта өз қызметін атқаратын болады;

-органның басқарушы органдарын жасақтаудың тәртібі, оның құзіреті және өкілеттік мерзімі, бірлестіктің басқарушы органдарының қызмет орны;

-бірлестіктің қаражат-мүлкі мен дүниесінің жасақталуу көздері, қоғамдық бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілеттіктері) өз мүлкін басқару жөніндегі құқықтары;

-бірлестіктің жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізудің тәртібі;

-бірлестікті қайта құру мен жою тәртібі, жойылған жағдайдағы дүние-мүлкінің тағдырының шешілу тәртібі;

-Жарғыны қабылдау, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тек қана бірлестіктің ең жоғарғы органы — съездің (конференция, жиналыс) құзыры болып табылады;

Қоғамдық бірлестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу

Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорларды тіркеу мәселесі Азаматтық кодекспен, «Заңды тұлғаларды мемелкеттік тіркеуден өткізу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуден өткізу жайлы», «Қоғамдық бірлестіктер жайлы», «Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» заңдармен  реттелген.

Республикалық, аймақтық қоғамдық бірлестіктерді, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілеттіктер) шетелдік халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден өткізумен ҚР-ң Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметінің комитеті айналысады.

Жергілікті қоғамдық бірлестіктерді, филиалдар мен өкілеттіктерді тіркеумен аймақтық әділет басқармасының органдары айналысады.

Бірлестік құрылған күнінен бастап 2 айдың ішінде тіркелуі тиіс.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеуден өткізу жайлы» Қазақстан Республикасының заңының 9 бабына сәйкес қоғамдық бірлестікті әділет органдары 10 жұмыс күнінің ішіңде, (қажетті құжаттарды тапсырған күннің кейінгі  күнінен санағанда), ал дайын құжатты қолына беру 14 жұмыс күнінің ішінде болуы тиіс.  Мемлекеттік тіркеу мерзімі  үзілуі мүмкін, егер құрылтай құжаттарын сараптамадан өткізу, саяси партиялардың мүшелерінің тізімін тексеру қажет болған кездерде.

Қоғамдық бірлестіктің құқығы мен міндеттері

Қоғамдық бірлестіктің құқықтары:

-атқаратын қызметі жайлы ақпараттар таратуға;

-өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта және мемлекет органдарында, басқа қоғамдық бірлестіктерде қорғауға және атынан сөйлеуге;

-бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

-жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге;

-баспагерлік қызметпен айналысуға;

-халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;

-басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтің өкілеттіліктер атқаруға;

Қоғамдық бірлестіктің міндеттері:

-ҚР заңнамаларын және сонымен бірге жарғыда қарастырылған нормаларды орындау;

-өз мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделеріне қатысы бар шешімдермен және құжаттармен танысуларын қамтамасыз ету;

-мүшелеріне  қаражаттың кірісі мен шығыстары жайлы хабарлап отыру;

-өзін тіркеген органға тұрақты жұмыс атқаратын басқару органы мен басшылары жайлы деректерді Ұлттық реестрдің бизнес-идентификациялық нөміріне кіргізіп отыру үшін хабарлап отыру;

                                                     Қорлар

       Мүшелері жоқ, азаматтар мен  (немесе) заңды тұлғалардың  өздерінің ерікті түрде жинаған мүшелік жарналарының негізінде құрылған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағартушылық және басқа қоғамдық-пайдалық мақсаттарды көздеген коммерциялық емес ұйым  Қор болып саналады. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың бұл түрі Қоғамдық Бірлестікке ұқсас, бірақ мүшелері мен қатысушыларының саны аз, тек Қордың құрылтайшыларынан ғана тұрады.

Қордың бір ерекшелігі —  тұрақты жұмыс атқаратын басқару органнан басқа — Қамқоршылар кеңесінің болуы. Қамқоршылар кеңесі — Қордың жарғылық мақсаттарға сай қалай жұмыс жасап жатқанын, сонымен бірге қордың жарғысы бекіткен басқа да өкілеттіктерді бақылайды.

Қордың құрамының басым көпшілігі бір бірлерімен жақын туыстықта, некеде болмауы және қордың штаттық қызметкері болмаулары керек.

Қордың атқару органы оның жоғарғы басқару органының (қордың барлық құрылтайшыларының) негізінде және қордың шешімдері негізінде жұмыс істейді және тұрақты жұмыс атқаратын басқарманың коллегиялық органына (Қамқоршылар кеңесі)  бағынады және оған есеп береді.

Қордың басқармасының басшысы мен атқарушы органның мүшелері қордың құрылтай құжаттарын бұрмалау арқылы немесе дұрыс шешім қабылдамаудан, осы Заңды және басқа ҚР заңнамалық актілерін бұзу салдарынан болған қордың шеккен шығындарын бірлесіп орнын толтырады.

Қордың басшысы және бухгалтері болады, олар некеде және жақын туыстықта, жақындықта болмауы керек.

Бір адам екі қызметті атқаруына болмайды. Қордың басшысы құрылтай құжаттарына сәйкес қордың атынан іскерлік қатынастар жасай алады.  Жарғы бойынша басқа да өкілетті тұлғалардың  оқшауланған жеке салалық қызметтері болуы мүмкін. Олар өз бетінше жұмыс атқарып іскерлік қатынастар жасай алады.

Қордың басшысы қордың атынан сот істеріне, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда сенімхатсыз қатыса алады. Құрылтайшылардың қордың қарамағына берген дүние-мүліктері қордың меншігі болып саналады.

Қордың құрылтайшылары қордың дүние-мүлкіне қол сұғуға құқықтары жоқ және өз міндеттерін орындамағаны үшін құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімімен жарғы бекіткен тәртіпте қордан шығарылып жіберілулері мүмкін.

Жарғы бекіткен тәртіп бойынша және жарғы белгілеген мерзімде қордың қаржылық қызметі тексеріліп тұруы тиіс. Тексеруді ревизорлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізеді. Ревизорды сайлау тәртібін жарғы бекітеді, ал аудиторлық ұйымдарды шақыру заңнамалар бекіткен тәртіпте жүргізіледі.

Қор  өзінің қаржыларын қалай жұмсағаны жайлы есепті жыл сайын интернет-ресурстарда немесе Қазақстан Республикасының аймағында таратылатын басылымдарда жариялап отыруы тиіс.

Қордың түрлері:

Құрылтайшыларының құрамына және айналысатын қызметтеріне қарай түрлері:
1. Жеке қор
2. Корпоративтік  қор
3. Қоғамдық қор
4. Мемлекеттік қор

Алдына қойған мақсаттарына байланысты қорлардың түрі:
1. Әлеуметтік қор
2. Қайырымдылық қоры
3. Мәдени қор
4. Ағартушылық және басқа қорлар.

Жеке қор —  жалғыз жеке адамның немесе бір отбасының өз қаражатымен құрған қоры. Жеке қор сонымен бірге жеке тұлғаның нотариус арқылы бекітіп қалдырған өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін.

Жеке қордың дүние-мүлкі бірмезгілдік немесе тұрақты түрде жеке адамнан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан — бір отбасының мүшелерінен (құрылтайшылардан) мұрагерлік өсиет бойынша қалдырған қаражаттан және басқа көздерден түсіп тұратын, «Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» Заңның 35 бабына сәйкес келетін қаражат-мүліктен жасақталып  қордың алдына қойған қызметтік мақсатына сай келуі тиіс.

 Корпоративтік қор — бір заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар — коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаражаттарымен құрылады.

Корпоративтік қордың дүние-мүлкі бірмезгілдік немесе бір немесе бірнеше заңды тұлғалардан — коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйыидардан (құрылтайшылардан) тұрақты  түсімдерінен және басқа да көздерден, «Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» Заңның 35 бабы қарастырған, корпоративтік қордың атқаратын қызметтеріне сай жасақталады.

Қоғамдық қорды — бір отбасының мүшелері емес жеке тұлғалар және заңды тұлғалардан тұратын құрылтайшылар құрады.

Қоғамдық қордың дүние-мүлкі бірмезгілдік және тұрақты қаржы түсіріп тұратын  заңды тұлғалардан — қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан түсетін, сонымен бірге «Коммерциялық емес ұйымдар жайлы» Заңның 35 бабы қарастырған  қоғамдық қордың қызметіне сәйкес келетін түсімдерден жасақталады.

Қоғамдық қорға аталған қордың жалғыз ғана отбасы мүшелерінің түсім түсірулеріне тиым салынады.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.