Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2020 жылдың 24 қаңтарындағы «Санкциялау жолымен тиым салу шараларының кейбір мәселелері» атты № 1.. нормативтік қаулысы  (бейресім аударма)

Сот тәжірибесіндегі санкциялау жолымен тиым салу шараларының біркелкі үлгісін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының  пленарлық мәжілісі мынадай түсініктемелер береді.

  1. Қылмыстық істер жөніндегі өндіріске алынған іске байланысты сот санкциялау жолымен мынадай тиым салу шараларын жасайды — қамауда ұстау, үйқамақ, кепілдік.

Істі сотқа дейінгі қарау мезгіліндегі санкциялау жолымен тиым салу шараларына байланысты түскен тілек-өтініштерді қарау тергейтін судьялардың құзіретіне жатады. Егерде екі жақтан тергеу судьяларының қаулысын қайта қарау жөнінде шағым және (немесе) тілек-өтініштер түскен болса, онда санкциялау жолымен тиым шарасын салуды  тиісті облыстық судья немесе оған теңестірілген сот жүргізеді..

Сот стадиясындағы тиымдық шараларды таңдау, бұрыс деп тану, өзгерту, тиымдық шараны ұзарту мәселелері қылмыстық істі қарап жатқан соттың құзіретіне жатады.

  1. Санкциялау жолымен тиым салу жөнінде шешім қабылдау кезінде, оның мерзімі ұзартылатын болса судья күдіктінің, айыпталушының құқығын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс, бұл құқықтарды оларға Қазақстан Республикасының (бұдан кейін Қазақстан) Конституциясының 16 бабы, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық Пактінің жарияланған 9 бабы (Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 жыл), (Қазақстан республикасы бұл құжатты 2005 жылы 28 қарашада № 91 ратификациялаған және 2006 жылы 24 сәуірде Қазақстан республикасы үшін күшіне енген) және де Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуальдық кодексінің (бұдан кейін ҚПК) нормалары кепілдік етеді.

  1. Қамауда ұстау жөніндегі тиымдық шара туралы шешімді сотқа дейін тергеулік істерді жүргізген мекендегі немесе күдіктіні ұстаған жердің судьясы шығарады, ҚПК-ң 57 тарауында қаралған жағдайлар бойынша тілек-өтінішті сотқа жолдаған мекеннің органы шешім қабылдайды.

Қамауда ұстау жайлы шешімді ұзарту сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін мекеннің тергеу судьяларының қарауына жатады.

  1. Күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстауға байланысты тиымдық шараны санкциялау жөніндегі тілек-өтінішті қараудың қорытындысы бойынша тергеуші судья ҚПК-ң 148 бабының жетінші бөліміі қарастырған қаулының бірін шығарады.

ҚПК-ң 148 бабы 3 тармағы жетінші бөлімі бойынша қамауда ұстауға санкция беруден бас тартса онда тергеуші судья ҚПК-ң 137 бабының бірінші бөлімі қарастырған басқа тиымдық шараны шығаруына болады.   Басқа тиымдық шараны қабылдауға негіз жоқ болса, тергеуші судья қамауда ұстауға санкция бермейтіндігі жайлы қаулы шығарады.

  1. Тиымдық шараларды қолдануға нақты жағдаятты негіздер ғана — күдіктінің оны жасауға шынайы мүмкіндігі болуы, айыпталушының ҚПК-ң 136 бабы бірінші бөлімінде көрсетілгендей іс-қимылдары ғана негіз бола алады. Осындай негіздер жоқ болса тиымдық шараларды қолдануға болмайды.

Сонымен бірге, тиымдық шара ҚПК-ң 138 бабының бірінші бөлімінде көрсетілген жағдаяттарды еске алып қолданылады.

Соттардың еске алулары тиіс жағдай —  қылмыстың ауырлығы қамауға  алудың жалғыз ғана негізгі дәлелі болмауы керек, ҚПК-ң 136 бабының екінші бөліміндегі  көрсетілген қылмыстардың тізімін есептемегенде.

  1. Қамауда ұстау тиымдық шараларын ҚПК-ң 136 бабының үшінші бөлімінде көрсетілген қылмыстық істер бойынша күдікті, айыпталушы санатындағыларға қолдануға болмайды, болады егер адам ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық топтың) құрамында болды деп күдіктелсе немесе қашып кетуге тырысса немесе қылмыстық тергеуден немесе соттан қашқан болса.

Егер айыпталушы, күдікті адам экономикалық іс саласында ғана емес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан кейін ҚК) Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстар тізіміне кіретін қылмыстар жасады деп күдіктелсе, айыпталса,  судья күзетте ұстауға тиісті негіздер бар деп тапса оған тиым салу шарасын қолдана алады.

  1. ҚПК-ң 147 бабының бірінші бөліміне сәйкес жеңіл және орта салмақтағы қылмыс жасады деген күдікті, айыпталушы, сотталушы адамды қамауда ұстау ерекше жағдайларда, егер оның ҚПК-ң 147 бабының бірінші бөлімінің 1-тармағынан 7-тармағына дейін көрсетілгендей жағдаяттары болса заң бойынша бес жылдан төмен мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл жерде мыналарды ескерген жөн болады:

белгілі бір әкімдік-аймақта тұрақты мекен жайы болса (қылмыс жасаған жерден басқа), ондай жағдайды Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты мекен жайы жоқ деп санауға болмайды;

аты-жөні анықталмаған деп  ҚПК-ң 300-і бабында көрсетілген тізім құжаттарының жоқ болуы  саналады;

сотқа дейінгі істерді жүргізген тергеу органдары адамның бұрынғы тиымдық шараларды  немесе процессуальдық мәжбүрлеу шараларын бұзғаны жайлы деректер мен дәлелді дәйектерді берулері қажет, мысалы сырт мекендерге шықпауға, тәртіптілікті сақтауға қол қойған күдікті, айыпталушы  қылмыстық істі жүргізетін органның шақыруына оң себепсіз келмесе, сотқа дейінгі тергеу жүргізуші органды ескертпей мекен жайын өзгертсе т. б.;

адамның қылмыстық қудалаудан немесе соттан қашып кетуге ойы бар екендігіне мынадай жағдайлар дәлел болады — мысалы, жеке меншігіндегі дүние-мүлікті сатуы, тұрған мекен жайынан, елден кету мақсатында жол билеттерін сатып алуы және т. б.;

ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың құрамында (қылмыстық ұйымның) қылмыс жасады деген күдіктерге байланысты қылмыстық қудалау органы адамның қылмыстық ұйымның құрамында қылмыс жасады деп күдікті саналатындығы, осы белгілері бойынша қылмысының дәрежесі жайлы қаулы шығаруы тиіс;

бұрын жасаған ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстары үшін сотты болғандарға — белгіленген заң тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің деректерімен  соттығы алынбағандығы және жабылмағандығы дәлелденген адамдар жатады;

қылмыстық іске байланысты айыпталушы, күдікті кісі жайлы жылдам-іздеу және тергеу іс шаралары жолымен алынған деректер — адамның күдік келтіретін істері, қылмыстық сот ісінің қатысушылары мен оның жәй қатысушыларын үркітіп жүруі, жеке басына тән ерекшеліктері бұл адамның жаңадан қылмыстық іс жасауға бейімділігі, бұрынғы қылмыстық істерін жалғастырып жүргендігіне дәлел бола алады.

ҚПК 147 бабының бірінші бөлімінің 1-тармағынан 7-тармағына дейін көрсетілген жағдаяттар тек шартты түрде, осындай жағдайда күзет астында ұстауға шара қабылдануы мүмкін.

  1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ҚПК—ң 136-н 140 бапқа дейінгі талаптарына сәйкес, ҚПК-ң 137 бабының бірінші бөлімінде көрсетілген тиымдық шаралардың бірін қабылдайды.

ҚПК-ң 140 бабының екінші бөлімінің, ҚПК-ң 147 бабының екінші бөлімінің талаптарына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші орган тиымдық шараны қолдануға және тергеу сотының алдында қабылданған тиымдық шараны қолдануға тергеу сотының алдында тиымдық шараны қолдануға санкция беру жайлы тілек-өтініш жасайды. Сотқа дейінгі тергеу органының қаулысында үйқамақта қанша мерзім отыратындығы көрсетілуі тиіс.

ҚПК-ң 151 бабы мен 131 бабының төртінші бөлімінде қарастырылған талаптар бойынша ұсталу мен күзетте ұстау мерзімдері біткен жағдайда күдікті, айыпталушы ҚПК-ң 133 бабының төртігші бөлімі және 151 баптың бесінші бөлімінің талаптарына сәйкес дереу босатылуға жатады.

  1. Күдікті адамның қылмыстық іс жасағандығы жайлы негіздерді тексеріп болған соң ғана сот оны күзеттің астында ұстау жайлы тиымдық шараға санкция береді. Осы орайда қылмыстық қудалау органының тілек-өтінішінде және оған қоса тігілген материалдарда осы адам қылмыстық іске байланысты күдікті болып табылады дегенді дәлелдейтін деректер болуы қажет.

Дәйектерге негізделген күдік дегеніміз — нақты адамның қылмыстық істі жасауы мүмкін екендігін куәландыратын  деректердің жиынтығы. .

Мұндай нақты деректерге жатады:  қылмыс жасап жатқан жерінен үстінен шығу немесе қылмысты жасап болған соң. жәбір шегуші немесе көрген адамдардың осы кісіні көрсетуі, осы кісінің бетінде немесе киімінде, қасында немесе тұрған үйінде қылмыстық іздердің табылуы және т. б.

Күдікті кісінің қылмысты жасағандығы жайлы негіздерді тексерген кезде тергеу судьясы мынадай жағдайларды ескеруі тиіс: қылмыстық оқиғаның болғандығы рас па, осы адамның қылмыстық құқық бұзушы екендігіін, оның қылмыс жасауға ықтималдылығын көрсететін   белгілер жеткілікті ме..

  1. Кісінің қылмысты жасағандығы жайлы күдік негіздерін тексеру кезінде сот адамның айыптылығын талқылауға және оның қарсы дәлелдеріне баға беруге құқы жоқ.

Кісінің қылмысты жасағандығы жайлы күдік негіздерін судьяның тексермеуін қылмыстық-процессуальдық заңдылықты елеулі түрде бұзушылық деп бағалануы тиіс, мұндай заң бұзушылық күзетте ұстау жөніндегі тиымдық шараға санкция беру қаулысын бұзады.

Қылмыстық істі жасады ма, жоқ па деген күдіктің негіздерін тексеруді тергеу судьясы сотқа дейінгі уақытта  жүргізеді, соның ішінде күзетте ұстаудың мерзімін ұзарту мәселесін шешеді, тек қана іс материалдарымен танысу кезіндегі мерзімді ұзарту мәселесі бұған кірмейді.

  1. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстау жөнінде тиым салу шарасын қолдану жөніндегі тілек-өтінішті күдіктінің, айыпталушының жоқ кезінде қарай алады, егер оларға іздеу жарияланса немесе олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса және олар қылмыстық қудалау органының шақыруынан, сот мәжілісінің болатын орны мен уақытын біле тұра бас тартып органға келмеген жағдайда.

Қылмыстық қудалау органы сотқа тиым салу шарасына санкция бере отырып сот материалдарымен бірге кісіні  іздеуге жария салғандығы жайлы қаулы шығаруға міндетті, қаулыға адамның қудалау органына келуден бас тартқанын дәлелдейтін (мысалы, күдіктінің, айыпталушының Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткендігі, ұзақ уақыт бойы тұрған мекен жайында тұрмауы және т. б.). деректерді қосып беруі тиіс.

Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктіні, айыпталушыны және оның қорғаушысын күзетте ұстау жолымен тиым салу шарасына санкциялау жайлы тілек-өтінішті қарайтын сот мәжілісінің орны мен уақыты жайлы, оның соңғы мекен жайына тиянақтылықпен және уақытылы хабарлауға міндетті.

Күдікті, айыпталушы жоқ болған жағдайда, тергеу судьясы қамауда ұстау шарасына байланысты тілек-өтінішті қарау кезінде қорғаушының сот мәжілісіне қатысуы міндетті.

  1. Тергеу судьясы қамаққа алу жөнінде сырттай тиым салу шарасына санкция берген жағдайда ескертуі керек, егер кісі ұсталып алып келінсе, қамауда ұстап отырған мекеменің бастығы дереу бұл жайлы қылмыстық ісі жүргізілген органға немесе қадағалаушы прокурорға хабарлауы тиіс.

Қамауға алыну жөніндегі тиымдық шараны  тергеу судьясы сырттай санкциялаған болса, кісі ұсталғаннан кейін ол адамды сотқа дейінгі тексерулер жүргізген жердегі тергеу судьясына жеткізіп, оның қамауда ұсталуына қандай негіздеме бар екендігі мәселесін қарайды.

Күдіктіні, айыпталушыны уақытша қоғамнан оқшаулау мақсатында арнайы мекемеге және тергеу судьясына жеткізуге кеткен уақыт қамалу мерзіміне кіреді.

Егер ұсталған кісіні  сотқа дейінгі тергеулер жүргізген тергеу судьясына дереу жеткізу қиындық тудырса немесе ұзақ уақытты алатын болса, сырттай жасалған қамауда ұстау жөніндегі тиымдық шара қолдану санкциясының негізділігін тексеруді адамның ұсталған жеріндегі тергеу судьясы жүргізе алады.

Тергеу судьясының сырттай жасаған қамауда ұстау жөніндегі тиымдық шара қолдану санкциясының негізділігін тексеру ҚПК-ң 148 бабының  ережелері бойынша сот мәжілісінде прокурордың, күдіктінің, қорғаушының қатысуымен тілек-өтініш түскеннен бастап сегіз сағат уақыт ішінде ішінде жүргізіледі.

  1. Қамауда ұстау мерзімі нақты ұсталған сәттен басталады, сондықтан да қамауда ұстау жөніндегі шараны санкциялау жөніндегі қаулыда осы мерзімнің басталған уақыты минутына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп бұл шараның қанша уақытқа санкция берілгендігі көрсетілуі тиіс.

Қамауда ұсталу мерзімімен қатар басқа да ұсталулар  мерзімге кіреді:

психиатриялық немесе басқа стационарлық дәрігерлік ұйымдарда сот шешімімен ҚПК-ң 152 бабының алтыншы бөліміне сәйкес;   мәжбүрлікпен орналастырылса;

Қазақстан Республикасына сырттан келтірілген (экстрадицияланған) және этаппен жеткізілген кісілер ҚПК-ң 584 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен сәтінен мерзімі басталады.

Шет мемлекетте ұсталған кісілердің ұсталған уақыты мен шетелде тұрған уақыты  және этаппен жеткізілуіне кеткен уақытты сот оның жазасын белгілеген кезде ҚПК-ң 584 бабының екінші бөлімінің талаптарына сәйкес жалпы қамалу мерзіміне жатқызады.

  1. ҚПК-ң 541 бабының бірінші, үшінші бөлімдерінің күштері бойынша жасы кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға қамауда ұстау жолымен тиымдық шара қолдану өте сирек ерекше жағдайда ғана, ол ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған кезде ғана қолданылады. Сотқа дейінгі ісін жүргізу кезіндегі жасы кәмелетке толмағанды қамауда ұстау мерзімі алты айдан аспауы тиіс.

Тергеу судьясы қамауда ұстау жөніндегі шара қолдануға санкция беру жөніндегі тілек-өтінішті қарау кезінде жасы кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны ҚПК-ң 144 бабында қарастырылған бақылау күзетінде ұстау шарасын талқылап ойластырғаны жөн.

  1. Қамаудағы кісінің мерзімін ұзарту жөніндегі тілек-өтінішті қарау кезінде тергеу судьясы ҚПК-ң 151 бабы белгілеген мерзімдердің тәртібін есепке ала отырып, сонымен бірге қамауда әрі қарай ұстаудың қажеттіліктері бар ма, жоқ па екендігін, мұндай тиымдық шараны санкциялауға негіздер өзгерген емес пе екендігін анықтағаны жөн.

Тергеу судьясы қамауда ұстау мерзімін ұзартудың қажеттілігін қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін қажет деп тапқан болса, онда ол сотқа дейінгі  тергеулер жүргізуші органның тергеу амалдарын жалғастыру жөніндегі дәлелдерінің дұрыстығын тексеруі қажет.

Қамауда ұстауды ұзарту жөніндегі тілек-өтініш тергеу сотының алдына бірнеше рет қойылып, бұрынғы жазған тілек-өтініштеріндегі тергеу амалдарын орындау қажеттігін қайталаған болса, судья аталған іс-қимылдардың не себептен жүргізілмегендіктерін анықтауға міндетті.

  1. ҚПК-ң 152 бабының жетінші бөліміне сәйкес қамауда отырған күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысуға кететін уақытын тергеу судьясы қылмыстық істің көлеміне, іс қатысушыларының санына қарап және де басқа да танысуға әсер ететін жағдайларды ескере отырып белгілейді.

Қылмыстық іс материалдарымен күдіктінің және оның қорғаушысының танысуы кезінде қамауда ұстау және оның мерзімін ұзартуға санкцияны тергеу судьясы ҚПК-ң 148, 151 баптары белгілеген тәртіпте жүргізеді.

Тергеу судьясының күдіктіні, айыпталушыны қамақта ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі шешімі осы шараның қажеттігін нақтылайтын деректермен негізделуі қажет. Айыпталушы мен оның қорғаушысы іс материалдарымен танысып жатыр деген жалғыз ғана дәлел қамақта ұстауды ұзартудың негізі бола алмайды.

Тергеу судьясы тергеушінің күдіктінің, айыпталушының және қорғаушының іс материалдарымен танысу процесін қолайлы мерзім ішінде ұйымдастыра алмағанын анықтаған жағдайда, қамауда ұстаудың мерзімін ұзартудан бас тарта алады.

  1. Үй қамақ ҚПК-ң 147 бабында көрсетілген тәртіптер бойынша күдіктінің, айыпталушының тиянақты тәртібін қамтамасыз ету, тергеу ісінің, сотта істің объективті түрде қаралып жүргізуге тосқауылдарды болдырмауға, қылмыстық істі жүргізіп отырған органның және соттың шақыруынан бас тартуды болдырмау, қылмыстық істердің алдын алу мақсатында қолданылады.

Осындай тиымдық шараны таңдап алған қылмыстық процесті жүргізуші,  үй қамақты таңдап алған органның  бірнеше шарттылықтарды сақтап отырғандығын тексереді, атап айтқанда адамды толық оқшаулау қажеттіліктен туып отыр ма немесе жас мөлшеріне, денсаулығына, отбасылық жағдайына, жасөспірім балалары бар ма және басқа жағдайлары ескеріледі.

  1. Үй қамақты санкциялау жөніндегі қаулыда тергеу судьясы күдікті немесе айыпталушы тұратын мекен жайды (тұрғын үйді) көрсетеді, ҚПК-і 146 бабының екінші бөлімінде қарастырылған күдіктіге, айыпталушыға арналған шектеулер көрсетіледі, сонымен бірге қадағалауды жүргізетін органды немесе қызметтік тұлғаны белгілейді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуірінде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабы 28-і тармағы бойынша тұрғын үй деп бөлек баспананы, тұрақты тұруға арналған, пайдалануға жататын белгіленген құрылыстық, санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігіне сай және басқа да міндетті нормалар мен ережелерге (жекеменшік тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) сәйкес келетін үйді  айтады.

  1. Үй қамақты санкциялау кезінде соттар мынаны ескеруі қажет: ҚПК-ң 146 бабының екінші бөлімінде қарастырылған күдіктінің, айыпталушының еркін жүруін шектеулер мен тиымдар ақылға сиымды шеңберде қолданылулары тиіс.

Шектеулер адамның отбасы мүшелерімен, қорғаушысымен кездесулеріне, өмірге қажетті саналатын іс-қимылдар жасауына, мысалы дәрігерлік көмек алуына т. б. кедергі жасамаулары тиіс.

Үй қамақты күдіктінің, айыпталушының Қазақстанның басқа аймағында нақты тұрып жатқан жерінде де қолдануына болады, қылмыс жасалған орын емес немесе сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатқан жер болмауы тиіс

Үй қамақ мерзімі соттың санкциялау жөніндегі қаулысы шыққан сәттен саналады.

ҚПК-ң 128 бабы бойынша ұсталған адамның мерзімі үй қамақтың мерзіміне жатқызылады.

  1. Кепілдік ҚПК-ң 145 бабының екінші бөлімі бойынша тергеу судьясының санкциясымен ғана және соттың қаулысымен қолданылады.

Кепілдік облыстық судьяның қаулысымен немесе оған теңестірілген сотқа түскен шағымды қараудың нәтижесімен ҚПК-ң 107 бабына сай  және де ҚПК-ң 342 бабының бірінші бөлімінің тәртібімен өндірістегі қылмыстық іс бойынша шығарылған соттың қаулысымен қолданылады.

  1. Сотқа дейінгі тексеруді жүзеге асырушының қамауда ұстауға санкциялау жөніндегі тілек-өтінішін қанағаттандыруға негіз болмаған жағдайда тергеу судьясы тиымдық шараның орнына кепілдік шараларын таңдауға құқы бар. Кепілдік заттары есебінде ақшалай қаражат, бағалы заттар, жылжитын және жылжымайтын мүлік.жатады.

Қамауда ұстауға санкция беру жөніндегі тілек-өтініш қанағаттандырылған жағдайда сот сол мезгілде қаулыда кепілдіктің мөлшерін анықтауы тиіс, тек қана ҚПК-ң 148 бабының тоғызыншы бөлімінде қарастырған жағдайлардан басқа.

ҚПК-ң 148 бабының сегізінші бөлімінің тәртібі бойынша тергеу судьясының қаулысының негізінде кепілдіктің енгізілгендігі жайлы, сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізуші дереу қамау мекемесінің бастығына хабар береді. Кепілдіктің енгізілгені жайлы құжатты алған қамау орнының бастығы күдіктіні, айыпталушыны қамаудан дереу босатуға шаралар қабылдап, бұл жайлы міндетті түрде сотқа дейінгі тергеулерді жүргізушіге, тергеу судьясына, қадағалаушы прокурорға ҚПК-ң 145 бабының сегізінші бөліміне сәйкес хабарлайды

  1. Кепілдіктің мөлшерін күдіктің ауыр-жеңілдігіне, күдіктінің, айыпталушының жеке басына, жасалған қылмыстың сипатына, кепілдік берушінің дүние-мүлкінің жағдайына қарап сот анықтайды, кепілдік ҚПК-ң 145 бабының үшінші бөлімі белгілеген мөлшерден төмен болмауы тиіс.

Кепілдік берушінің келісімімен кепілдік ретінде осындай категориядағы қылмысқа берілетін ең жоғарғы кепілдіктің бағасынан асып түсетін басқа дүние-мүлік берілуі мүмкін.

ҚПК-ң 145 бабының екінші бөлімінің тәртібімен кепілдік беру жолымен санкцияланған тиымдық шара қолданылған кезде, сонымен бірге бұрынғы жасалған тиымдық шара кепілдік берумен өзгерген жағдайда тергеу судьясы ҚПК-ң 145 бабының төртінші бөлімінде қарастырылған мөлшерді және оның енгізу мерзімін тағайындауы қажет.

Қаулыда бекітілген мерзімде кепілдік енгізілмесе немесе тергеу судьясы анықтаған  мөлшерден аз болса, ондай жағдайда ҚПК-ң 145 бабының төртінші бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізушінің тілек-өтініші бойынша тергеу судьясы кепілдікті басқа тиымдық шараға өзгерту жайлы мәселені қарастырады.

  1. Егер күдікті, айыпталушы өзіне жүктелген міндеттерді бұзбаса немесе жағымды себептермен бұзған болса, бірақ оған артықтау қатаң тиымдық шара қолданылса, сөгіс берілген немесе қылмыстық істі жүргізуді тоқтату жайлы қаулы шығарылса, онда кепілдік дүниесі дереу кепілдік берушіге қайтарылады.

Артықтау қатаң тиымдық шара қолданылған жағдайда, енгізілген кепілдікті қайтару жөніндегі шешімді қылмыстық істі жүргізуші орган прокурордың келісімімен қабылдайды.

Үкімді шығару кезінде, егер кепілдікті берушілер күдікті, айыпталушы болса, сот кепілдіктің тағдырын қараған кезде, азаматтық шағым түскен болса, процессуальдық және басқа да мүліктік шығындарды еске ала отырып, прокурордың тілек-өтініші бойынша шығындарды кепілдіктің дүниелеріне немесе оның бір бөлігіне ауыстыруға шешім қабылдауға құқы бар.

  1. Егер күдікті, айыпталушы жағымсыз себептермен кепілдік енгізу жөніндегі міндеттерін орындамаған болса, прокурор тергеу судьясына кепілдікті мемлекеттің кірісіне айналдыру жөнінде нақты деректермен дәлелденген тілек-өтініш жібереді.

Тергеу судьясы прокурордың тілек-өтінішін ҚПК-ң 56 бабында қарастырылған тәртіпте қарайды.

Сотталушылар осындай міндеттемелерді орындамаған кездерде, кепілдікті мемлекеттің кірісіне айналдыру мәселесін судья үкім шығарар кезде шешеді.

 Енгізілген кепілдіктерге  байланысты міндеттемелерді бұзды деп санауға болады, егер күдікті немесе айыпталушы жағымсыз себептермен тергеушінің, анықтаушы тергеушінің немесе соттың шақыруына келмеген болса немесе басқа түрлі амалдармен қылмыстық істің жүргізілуіне кедергілер келтірсе немесе жаңа қылмыстық айып жасаса.

Тергеу судьясы енгізілген кепілдікке байланысты міндеттемелерін орындамады деген мәселені қараған кезінде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының сотқа дейінгі тергеуші органға және сотқа барудан бас тартқан себептерін тексеруі керек.

  1. Конституцияның 4 бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қызметтік қолданыстағы құқықтардың құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. .

 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы  Ж. Асанов

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.