АЛҒЫСӨЗ

   Бұл кітапша сотталғандарға яғни бас бостандығынан айрылғандарға арналған. Аталмыш кітаптағы ақпаратта түрме өмірін басынан кешкен, ондағы әртүрлі жағдайды басынан өткерген адамдардың жинаған тәжірибелері, олардың адвокаттармен байланыс жасау, заңнамалық көмек алу тәжірибелері мен кеңестерін үйренесіз.  Осы материалды оқу арқылы білгеніңіз Сізге түрмедегі өміріңізде, қоғамнан, туған-туыстарыңыз бен достарыңыздан оқшау сүрген өміріңізде  нақты көмегін тигізеді деген ойдамыз.

  Бұл брошюраның авторлары сотталған кезіне дейін өмірде көптеген табыстарға қол жеткізген, білімдері мен ақыл-ойлары, өмірлік тәжірибесі мол адамдар. Олар  түрмелік өмірдің барлық азабы мен тауқыметін көріп бостандыққа шыққан соң сол тәжрибесі арқылы сіздермен бөлісуге бекінген адал азаматтар.

 Құндылығы ерекше болып табылатын жинақталған осы тәжірибелік құралда құқықтық қорғану құралдарының барлық түрлері мен мүмкіндіктері жазылған. Сондықтан да аталмыш дүниені қолданбалы тәжірибелік кітапша деуге болады, оның пайдасы Сізге де, барлық сотталғандарға да әртүрлі жағдайларда пайдасы тиері анық.

Беріліп отырған ақпараттың жалпы құрылымы өте қарапайым. Мұнда Сізге арналған құқықтық кеңестер мен өмірден алынған тәжірибелер, Сіздің сотталу режиміңізді айқындап беретін нормативтік заң актілеріне сілтемелерді таба аласыз.

 Бұл ақпараттың Сіз білгіңіз келетін, Сіз отырған жер үшін  маңыздылығы,  іс жүзіндегі қажеттілігі қаншалықты, қалайша түрме өмірінде құқықтық қателіктерге ұрынбаған дұрыс, өзіңізді қалайша ұстау жайлы қысқа да нұсқа кеңестердің пайдалылығын Сізбен бірге  «темір шарбақтың» ар жағында отырған біздің сарапшы-инсайдерлер де дәлелдеп растап отыр.

Бас бостандығынан айрылғандардың түрмедегі өмірі неше түрлі қиыр-шиыр, күрделі де, әрі ерекше. Оны «түрмеге дейін» көз алдыңа елестету мүмкін емес. Біз осы кітапшада беріп отырған ақыл-кеңестерді білімі  бар адамдардың өзі әрқашан қолдана алулары мүмкін бола бермейді. Себебі бүгінгі күндегі түрме өміріндегі шындық оны дәлелдеп  отыр. Дегенмен, білімің бар болса, оны қолдануға мүмкіндігің туады, ал егер білімің болмаса ше.. Сонымен бірге,  сіздің тиісті біліміңіздің болуыңыздың арқасында, түрме әкімшілігімен қарым-қатынасыңызға тікелей оң әсер ететіндігі өмірде талай рет дәлелденген.

Біз Сіздің тезірек бостандыққа шығуыңызға — отбасыңызға, туғандарыңыз бен достарыңызға тезірек қауышуыңызға, туған ортаңыз бен қоғамға, күнделікті өмірге араласуыңызға тілектеспіз. Сәттілік болсын!

 1 бөлім

    Кіріспелік кеңестер

  • Түрме қамағында отырған адам үшін әрине қадір-қасиетін сақтаудан кейінгі ең басты сақтайтын нәрсесі — денсаулық. Түрме қамағы — бірінші кезекте адамның жүйкелік күйзеліске ұшырайтын жері. Сондықтан да ондай адамның иммуналық жүйесі (ағзаның қорғану қабілеті) бірінші болып  әлсірейді. Сол себептен де мұндай ағза (организм) денсаулығына шабуыл жасайтын әсерлерге (жұқпалы микробтар мен бактериялар, т. б.) қарсы тұруға нашар, ауырғыш болады. Түрмелік мәдени сөзбен айтар болсақ «уайымға түскенің — құрдымға кеткенің», немесе «түрмеге түскен біткенің емес, түрмеде уайымға түскенің, біткенің».

Қорғану қабілетіңізді (иммундық жүйеңізді) ұстап тұру үшін шөптен жасалған антидепрессантарды — «персен», «ново-пассит» (оларды дәрігердің рұқсатынсыз қабылдауға болады) ішіп тұрсаңыз азды-көпті жүйкеңізді  тыныштандырып иммундық жүйеңізді қалыпта ұстауға көмектеседі. Сонымен бірге дәрігермен ақылдасып иммунитетті көтеретін дәрілерді қабылдаған жөн.

  Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) барлық қызметтерін регламенттейтін негізгі құжаттар:

—   ҚР Қылмыстық-атқару кодексі (ҚАК);

— «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту жайлы» ҚР Ішкі істер министрлігінің 17. 11. 2014 жылғы № 819 бұйрығы.

— «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұрып жатқандардың тәртіптерін бақылау мен қадағалаудың және оларды тексеру, тінту істерін ұйымдастырудың Ережелерін бекіту жайлы» ҚР ІІМ 20. 08. 2014 жылғы № 536 бұйрығы.

— «Сот шешімімен бас бостандығынан айрылғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізудің Ережесін бекіту жайлы» ҚР Үкіметінің 28. 11. 2014 жылғы № 1255 Қаулысы.

— «Күдікке алынған, айыпталған және сотталғандарды.. тамақ пен материальдық тұрмыстық заттармен қамтамасыз етудің табиғи нормаларын бекіту жайлы» ҚР Үкіметінің 28. 11. 2014 жылғы № 1255 Қаулысы.

Бұл құжаттардан көптеген қызықты және пайдалы мәліметтерді оқуға болады; бірақ шын мәнінде бұл құжаттарды нақтылайтын нормативтік актілерді, яғни заңның өзін, ҚР ҚАЖ-ң қызметін нақтылайтын, регламенттейтін (оларды подзаконные акты деп атайды) актілер көп. Олардың толық тізімі ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 15 және 16 баптарында жазылған. Бұл құжаттың баптарын құқықтық анықтама ретінде  ҚР Қылмыстық кодексі және ҚР Қылмыстық процессуальдық кодексімен қатар білгендеріңіз жөн.

  • Біліп қойыңыз және есіңізде болсын — Адамның негізгі құқықтары және де сіздің қадір-қасиетіңізді сақтауға құқыңыз, оны ешкімнің бұзуға құқысы жоқтығы адамға туған күнінен бастап берілген. Бұл құқықтар адаммен біртұтас және бұл құқықтарды Қазақстан Республикасы ратификациялаған. Басқа сөзбен айтар болсақ, біздің мемлекет адам құқын сақтауға, қорғауға міндеттеме алып ол міндеттемелер тиісті ұлттық заңнамалармен, ҚР Конституциясынан бастап министрліктер мен ведомстволардың заңда нақтылайтын нормативтік құжаттарымен бекітілген; мысалы ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 10-бабы, 1 бөлімі, 4-тармағы.
  • Осы тұрғыдан, ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 11 бабы, 1 бөлімі, 3 тармағында жазылған сотталғандардың әкімшіліктің заңды талаптарын орындауға тиіс деген жеріне көз салыңыз. Осы талаптағы «заңды» деген сөзге ерекше назар аударыңыз. Бүгінгі таңдағы өмір сүріп жатқан ҚР Қылмыстық атқару жүйесі, өкінішке қарай, мұндағы әкімшілік мекемелері қызметкерлерінің талаптарының көпшілігі заңды емес. Заңды талаптар — тиісті заң ережелеріне, заң ережелерін нақтылайтын нормативтік актілерге сәйкес келетін және ҚР ІІМ бұйрығы және т.б. жататындар.

Егер Сіз өзіңізден орындауды талап еткен бұйрықтың, талаптың т. б. заңды екендігіне шүбәңіз болса, өзіңізге бұйрық берген қызметкерден оның бұл «талабы» қандай құжаттың нормасына сай келетінін (құжаттың толық атын, бабы, бөлімін, тармағын) сұраңыз.

Егер қызметкер өз талабының заңдылығын дәлелдей алмаса, бірақ қаталдық жолмен оны орындауды талап етсе оның талабын орындамаңыз дей алмаймыз. Себебі мәселе шиеленісіп, яғни қызметкер сізді арандатып бәлені сізге жауып аяғы насырға шабуы мүмкін.

Мұндай кезде дұрысы — талаптың заңсыз екенін біле тұрып оны орындай отырып, сыпайы сөзбен сіз мені заңсыз талабыңызбен зорлап орындатып отырсыз, сіз қызметтік құқықтықты бұзушылыққа барып менің адами қадір-қасиетімді аяққа басып, жеке басымның құқын таптадыңыз деп санаймын (ҚР ҚАК 10 бабы, 1 бөлімі, 4 тармағы), осы орайда тиісті органға шағым түсіремін деп ескерткеніңіз жөн. Әрине, сосын мұндай іс тағы қайталанбас үшін шағымыңызды түсіруге тиіссіз.

  • Шағымыңызды қандай инстанцияға түсіресіз, ол әр жағдайға байланысты. Шағымды прокуратураға (осы мекеменің жұмысын қадағалайтын), ҚР ҚАЖ жоғары тұрған оның департаментіне, комитетіне, осы территориядағы құқық қорғау ұйымдарына (ОНК-қоғамдық бақылау комиссиясы, НПМ-ұлттық превентив механизмі, түрмеде жасалатын қинау, азаптаулармен күресетін ұйым) және сотқа түсіруіңізге болады. Бұл мекемелердің барлығына бір мезгілде шағым түсіруіңізге де болады, қажет деп тапсаңыз. Түрме әкімшілігі бұл органдардың реквизиттерін беруге міндетті және оны алған уақыттан «бір тәуліктің ішінде» адресаттарға жіберуге тиісті (ҚР ҚАК 14 бап, ҚР ІІМ № 819 бұйрығы, 2 параграф).

Сіздің шағымыңыз мекемеден «шықпай қалуы» да мүмкін; өкінішке қарай мұндай жағдайлар  ҚР ҚАЖ мекемелерінде  кездесіп тұрады. Бір себептермен мекеменің арнайы тіркеу орыны сізге шағымыңыз кетті деген түбіртек бермесе шағымыңыздың кетпегені. Мұндай жағдайда шағымыңызды екі дана етіп жазып мекеме әкімшілігі  шағымымның сыртқа кетуіне кедергі жасап отыр деп жазыңыз. Хаттың маңдайында шағынатын ұйымның атын жазатын жерді бос қалдырыңыз, күнін жазбаңыз. Ерте ме кеш пе бір күні бір тексеру комиссиясы келері анық, сондай комиссияның біріне (көңіліңіз қалаған комиссияға) қабылдауға сұраныңыз. Әуелі айтарыңызды ауызша айтып, сосын бұрыннан дайындап қойған шағымыңыздың үстіне адресатты, астына күнін қойып, арыздың екінші данасына «алдым» деген белгісін, аты-жөнін, қызметін, қолын қойдырыңыз. Көп жағдайда осындай сыпайы да, сауатты қойылған талап өз нәтижесін береді.

Түрме әкімшілігінің қызметкері заңсыз жолмен зорлап орындатуы болған кездерде оған «жұмсақтау» әдіспен шағым түсіруге болады. Мұндай кезде  сол мекеменің бастығының атына арыз түсіріледі. Осындай да осындай жағдайда пәленше деген қызметкер пәлен уақытта маған мынадай талапты зорлап орындатты. Сізден сұрайтыным — бұл қызметкер маған қандай нормативті құжатқа сүйеніп талап еткенін сұраймын деп жазасыз. Бұл ақпаратты (басқа да ақпараттарды) ҚР ҚАК 10 бабына, 1 б. 1 тармағына сүйеніп сұрауға құқыңыз бар.

Жазған арызыңызда Сізге қойылған талаптың заңды екендігіне күмәніңіз бар екенін жазыңыз, себебі талап қойған қызметкер (атын жазыңыз) өз талабының заңды екенін дәлелдеуден бас тартты, бұл жағдай менің адами қадір-қасиетімді (ҚАК, 10 бап, б. 1 т. 4) таптап отыр деп ойлаймын, сол себептен ҚР заңнамалары белгілеген мерзімде, яғни 15 күнде жазбаша жауап беруіңізді өтінемін. Мұндай кезде сізді жеке әңгімеге шақырып қалуы да мүмкін, ондай жағдайда әңгімеге дайындалып не айтарыңызды, болашақ істеріңізді ойлап пішіп алыңыз.

  • Сотталған кісілердің арасында өте жиі кездесетін бір қателік бар. Көп жағдайда адамдар оның үстінен айыптық іс-қимылдар жасалды деп рапорт, акт жазылған кездерде жазбаша түсініктеме жазудан бас тартады. Егер Сіз жазбаша түсініктеме арқылы болған жайды өз көзқарасыңызбен түсіндірмесеңіз, онда өзіңіздің ақиқатыңызды дәлелдеу мүмкіндігінен айрыласыз. Сізден түсініктеме түспеген жағдайда түрме әкімшілігі біржақты шешім жасап, «оның қарсы дәлелі жоқ болды» деп шешетін болады. Сізге қарсы түсініктеме жазудан бас тартты деген акт жазылады, егер өзіңізге қарсы жазылған айыптық жаза туралы қаулымен танысудан бас тартсаңыз да дәл осындай акт жазылады. Мұндай жағдайдың нәтижесінде жеке ісіңізде Сізге қарсы бірнеше сөгіс, бірнеше айыптың көп жиналғанына, ол жазаларды қалай алғаныңызды есіңізге түсіре алмай таң қалатын боласыз. Бұл жағдай түрмедегі өміріңізге зияны қатты тиіп оны шиеленістіретін болады. Есіңізде болсын, егер сізге қарсы айыптық материал жазылса Сізді ол жайлы міндетті түрде ескертулері қажет, мынадай акт немесе рапорт жазылды деп. ҚР ҚАК 132 бабы, 1, 2 б. бойынша жазалаушы қызметкер адамды не үшін, қандай тәртібі үшін жазалағанын айтуы керек. Мұндай кезде түсініктемеңіздің жоқтығы, түсініктеме беруден бас тартты деген актінің ғана болуы Сіздің мүддеңізге қарсы дәлел болады.

 2 бөлім

ҚР ҚАЖ қызметін регламенттейтін, атап айтқанда ҚР ҚАЖ мекемелерінің әкімшіліктері мен қамауда отырған азаматтардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын негізгі нормативті актілерге             Шолу.

Бұл бөлімде түрмеде жазасын өтеп жатқандардың басына түскен жағдайына көмегін тигізетін, келеңсіз оқиғалардың алдын алуға көмектесетін негізгі нормативті актілердің (құжаттар, заңдар) позицияларын көрсетпекпіз. Қажеті болып қалар деген жерлерде сол құжаттан үзінділер, басқа жерлерде оларды «өз сөзімізбен» яғни қарапайым тілмен түсіндіреміз. Біз айтып отырған норманың толық мәтіні қажет болған кезде біліп қойыңыз, мекеме әкімшілігінен оны сұрап алуға құқыңыз бар. Бұл құқығыңыз ҚР ҚАК 10 бабы, 1 б. 1 т. жазылған.

  • ҚР ҚАК (Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексі) — бұл ҚР ҚАЖ (қылмыстық атқару жүйесі) арасындағы қарым-қатынасын реттеп (регламенттеп) отыратын негізгі құжат болып табылады.  Нормативтік актілердің бағыну иерархиясы бойынша осы саланы регламенттейтін басқа нормативтік актілер ҚАК-е қарсы  қайшы болмауы керек. Егер қайшы болатын жағдайлар бола қалса, одан төмен тұрған нормативтік актілер (ҚР ІІМ бұйрықтары, нұсқаулар т. б.) ҚАК-е сәйкестендірілуі қажет.

3 бап – ҚАК-е қолданылатын кейбір тұжырымдарға түсінік беру; мысалы -«сотталған адамды түзеу» деген сөздің анықтамасы.

4 бап – қылмыстық-атқару заңнамаларының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер жайлы декларациялармен таныстыру. Сіздер білесіздер ме, Сіз жазаңызды өтеп жатқан мекеменің әкімшілігінің мақсаттарының бірі — «сотталғандардың құқықтары мен еркіндігін қорғау» болып табылады. Сонымен бірге жазаларын өтеу — «адамдардың жеке бастарына тауқымет түсіру немесе олардың адами қадір-қасиеттерін қорлауды мақсат етіп қоймайды» деп жазылған. Сіздерге кейбір жағдайларда осы жазылған сөздер қажет болып қалуы мүмкін.

5 бап– бұл бапта адамның яғни азаматтың заңды мүдделері, құқығы мен еркіндігін қорғау қылмыстық-атқару заңнамаларының (ҚАЗ) принципі болып табылады; заңдылықтар мен гуманизмді қорғау да осы принципті ұстанады.

9 бап – сотталғандарды дискриминациялауға тиым салу жайлы. Бұл әкімдіктің міндеті, әкімдік  сотталғандарға олардың құқтары мен міндеттерін т. б. ақпараттарды жазбаша түрде беруге тиіс.

10, 11, 104 баптар – бұл бапта сотталғандардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Бұл баптарды білуге тиіссіздер. Бұл баптарды білетін болсаңыздар әртүрлі жаза мен айыптар алуға жол бермейтін боласыз және де өз құқтарыңызды сауатты түрде қорғайтын боласыз.

14 бап – бұл бапта сотталғандардың прокуратураға, сотқа, құқық қорғау ұйымдарына және басқа органдарға шағым айту ережелері жазылған. Сонымен бірге адвокат пен сотталған адамның арасындағы хат жазысып отырудың конфиденциальдығы туралы да жазылған. «Тексерілуге жатпайды» деген сөз осы органдарға және адвокатқа жіберілген аузы жабылған конверттерді түрме әкімдігі ашып оқуына тиым салынады дегенді білдіреді. Кейбір мекемелерде аузы жабылған конверттерді арнайы бақылау бөлімі арқылы емес, кеңсе арқылы жібереді, олар міндетті түрде хатты жібердім деген қағаз береді.

32-49 баптар – бұл баптарда ҚАЖ мекемелеріне өкілетті тұлғалардың кіру тәртібі, бұл мекемелердің жұмысымен танысуға құқы бар қоғамдық ұйымдардың (ҚБК — қоғамдық бақылау комиссиясы, ҰПМ — ұлттық превентивтік механизм) қызметтері жайлы айтылған.

88 бап – бұл бапта сотталғандардың басқа жақтарға жіберілуі  жайлы жазылған. Қандай жағдайларда сотталған адам «туған жерінен алыс» мекемелерге жіберілуі мүмкін, сотталған адамды қандай жағдайда бір мекемеден екінші мекемеге ауыстыруға болады т.с.с. жалпы ақпараттар берілген.

89 бап – мекемелердің түрлері; кім қай жақта жазасын өтейді.

91 бап– сотталғандарды бір жерден екінші жерге көшіру, конвойлау тәртібі, этаппен көшіру (басқа мекемеге).

92 бап – қандай жағдайларда және кімді жазасын түрмеде өтесін деп шешеді; қандай жағдайларда басқа мекемелердегі басқа түрменің түріне жіберуге жатады.

93 бап – сотталғандарды мекемелерде қабылдаудың ережелері; назар аударыңыз, сотталған адамды мекемеге қабылдаудың алдында жаңадан келген  адамнан айтатын шағымың бар ма деп сұралуы тиіс, атап айтқанда «этап қарауылына», конвойға шағымың бар ма деп сұрайды. Егер сотталған адам конвойға шағымының болуы, оларды алып келген конвойға өз жұмысын «тапсыруға» үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай кезде олар міндетті түрде түсініктемелер жазады, оларды тапсырады, қызметтік тексеру жүргізіледі. Заңның осы нормасын білудің қажеттігі мол, конвой қызметкерлерінің жол үстінде заңсыз іс-қимылдар жасауының алдын алады, сотталғандар мен конвойдың арасында бірін бірі түсінушілікті орнатуға септігін тигізеді.

95 бап – сотталған адамның тәртібіне баға беру; тәртібі қандай, тәртібіне баға берудің өлшемдері, олардың сотталған адамның «өмір сапасына» әсері.

96 бап – мекеменің түрінің өзгеруі; минимум қауіпсіздіктен толық қауіпсіздікке дейін; шарттары, себептері, шектеулер, тәртібі.

97 бап – бұл бапта «жазаны өтеу режимі» деген түсінікке анықтама береді, ішкі тәртіп ережелерін түсіндіреді.

98 бап – тексеру жүргізу және тінту жасау; кімді, қандай жағдайларда тінтиді, тауып алу, меншігінен алу.

101 бап – ерекше жағдай режимі. Бұл жағдай кезінде сотталғандардың құқықтары тоқтатылатындықтан, бұл режим қандай жағдайда және қалай енгізілетінін, қалай жүргізілетінін білген жөн.

105 бап – мекеме дүкенінен азық-түлік тамақтарын және басқаларды алу тәртібі, осы айда жұмсалмай қалған ақшаның лимитін келесі айға, онан кейінгі айларға ауыстыру, жинақтау тәртіптері.

106 бап – кездесулер; ұзақ мерзімдік кездесу өте жақын туыстармен (ата-анасы, туған аға-іні, қарындастар, балалары) ғана рұқсат етіледі, сонымен бірге ұзақ мерзімдік кездесу некеде тұрмайтын, бірақ ортақ балалары барларға да беріледі. Қысқа мерзімді кездесу «басқа адамдарға» да беріледі. Адвокатпен кездесу сотталған адамның ауызша да, жазбаша да сұрауымен беріледі, оның санына да, ұзақтығына да шектеу қойылмайды және құпиялық жағдайда, екеуіне ғана.

107, 108 баптар – сәлемдемелерді алу және жіберу, сырттан жіберілген заттарды, пошта арқылы бандероль, ақшалай аудармаларды алу және жіберу тәртібі жазылған.

109 бап – телефон арқылы сөйлесу жайлы жалпы жәйттер; «бір күн» ішінде сөйлесу санына шектеудің жоқ екендігін біліңіз (маңызды!) және басқа деректер. Қатаң шартты түрмелерде, тәртіп изоляторында, жеке камерада отырғандардың телефон арқылы сөйлесулері жайлы деректер айтылған.

112 бап – теле және радио хабарларды көру және тыңдау; теле хабарларды көру кез келген жұмыстан және жалпы іс-шаралардан (ұйқы және т. б.) бос кезде  бола береді. Телевизорды кез келген уақытта, жалпыжұрттық іс-шаралар (тамақ ішу, тексеру, лекциялар т. б.  кезінде өшіріп) кезінен басқа уақыттың барлығында көруге болады.

115 бап – материальдық-тұрмыстық қамтамасыз ету; жату бөлмесінің нормалары, әр адамға арналған орын, тамақ лимиттері және басқалар. Сотталған мүгедек инвалидтер үшін арнайы техникалық жабдықпен бейімделген жатып-тұру орынын беру түрме әкімшілігінің тікелей міндеті.

117 бап – медико-санитарлық қамтамасыз ету; түрме әкімдігі  санитарлық-гигиеналық талаптардың заңнамаларға сай болуына жауапты.

118 бап – сотталғандардың материальдық жауапкершілігі; солардың ішінде, өз денсаулығына қасақана зиянкестік жасау.

119 бап – сотталғандарды еңбекке тарту; жеке еңбекпен айналысу мүмкіншілігі, ереуіл жасауға тиым.

120 бап – жұмыс істеу және еңбек ету шарттары, жалақы төлеу; әкімдіктің ҚР заңнамаларына сәйкес еңбек етуге байланысты мүмкіндіктер жасауы (арнайы киім, құрал-сайман, еңбек қауіпсіздігі және басқалар).

Еңбекке орналастыру алдында техника қауіпсіздігі жайлы нұсқауларды сұрап олармен және жұмыс жасайтын орнымен танысу, еңбек қауіпсіздігін сақтайтын қажетті құралдардың бар-жоғын тексеру, құрал-сайман және еңбек құралдарын сынап тексеру, арнайы қорғаныс (қолғап, алжапқыш, көзілдірік және т. б.) заттарының болуын тексеру қажет. Олай етпеген болсаңыз өндірістік жарақат алып қалған жағдайда тиісті қауіпсіздік шарттарды орындамағаныңыз үшін сіз айыпталып жаза тартуыңыз мүмкін. Сонымен бірге жұмыс орнында атқаруға тиісті қызметтік міндеттеріңізбен жақсылап танысып алыңыз.

121 бап – ақысы төленбейтін жұмыстарға жегу; ондай жұмыстар аптасына 2 сағаттан артық болмауы тиіс. Біліп қойыңыз, мұндай жұмыстардан бас тарту — өте шектен шыққан айып деп саналады, мұндай айып жасағандарға қатаң жаза қолданылып Қатаң шартты түрмеге ауыстырылуы мүмкін.

124 бап – тәрбиелеу жұмыстары; тәрбиелік іс-шаралардың түрлері, сотталған адамдардың «өмірінің сапасына» тәрбиелік іс-шараларға қатысуы немесе қатыспауының тигізетін әсерлері.

125 бап – әлеуметтік адаптация (бейімделу) және психологиялық көмек; жеке адамдық программалар, психологтарды көмекке тарту, еркіндіктен айрылған, оқшауланған адамдарға арналған бейімделу көмектері, жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарын оңтайландыру. Тәрбие жұмыстары мен психологиялық көмектің кейбір қағидаларымен танысқан жөн. Сотталғандардың айтуынша әкімдіктің осы бағыттағы атқаратын жұмыстарында формальдық (жасандылық) басым, тіпті бұл жұмысты жоқ деуге болады. Бұл жұмысты қалай жүргізу керек екендігін білген адам, сотталғандардың өзара, әкімдікпен қарым-қатынасын конструктивті бағытқа бұрып олардың бір бірімен, әкімдікпен өзара түсіністігін жақсартқан болар еді.

126 бап – сотталғандардың ерікті ұйымдары; өз қалауымен мүшелікке тарту, ерікті ұйымдардың мақсаттары, оның мүшелері үшін қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтардың болмауы, оларға мекеме әкімшілігінің қызметтік функцияларын бермеу қажеттігі. Сотталған ерікті ұйымның (СЕҰ) мүшелері басқа сотталғандар сияқты міндеттерді бірдей атқарулары тиіс: 121 бапқа сәйкес жұмыстарға қатысу, отрядта кезекшілік ету, күн тәртібінің талаптарын орындау және басқалар. СЕҰ мүшесі ретінде атқаратын міндеттерін басқа сотталғандармен бірдей атқаруы тиіс. Олар басқа сотталғандарға тапсырмалар мен жұмыстар бере алмайды. Бұл міндет тек әкімдікке қана тиіс.

128, 129 баптар – мадақтау шаралары, оларды қолдану тәртібі, мадақтау түрлері, не үшін мадақтамалар алуға болады.

130 бап – айып жасау; айып жасау дегеніміз не, оның түрлері, кім айыпты деп саналады. Кім бірнеше рет айып жасаушы, кім қасақана айып жасаушы деп саналады, қасақана айып деп саналатын істердің тізімі. Қасақана айып деп саналатын істердің тізімімен танысу қажет. Себебі бір рет қана жасалған айыптың өзінің күрделі салдары болуы мүмкін:  үшінші дәрежелі теріс тәртібі бар деген баға алсаң 6 айға Қатаң тәртіпті түрмеге ауыстырылуың мүмкін. Бұл түрмеде отырған адам ол жерде 6 ай ішінде тағы да айып жазасына ілігеді, сол себептен де оның ол жерде отыруы ұзартыла береді. Сонымен бірге Қатаң түрме жағдайында отырған адам толық қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылуы, ҚР Қылмыстық кодексінің 428 бабына сәйкес қосымша мерзім алып сотталуы да мүмкін, себебі «қасақана айыпталушы» деген мәртебе психологиялық тұрғыдан осы бапқа жақын болады.

131 бап – жазалау шарттары, оларды қолдану тәртібі;

132 бап – жазалау түрлері, берілген жазаның күшін жою  тәртібі.

133 бап – мадақтау және жазалау шараларын қолдану құқы бар қызметтік тұлғалар; мекеме бастығының орынбасары қандай мадақтау және жазалау шараларын беруге құқы бар.

134 бап – тәртіп изоляторлары (ТИ орысша ДИЗО) мен жеке камераларда (ЖК орысша ОК) ұстаудың шарттары; серуенге шығару, телефонмен сөйлесу, сырттан тамақ сәлемдеме алу, мүгедек сотталған жандарға арнайы жағдай жасау жабдықтары.

135-149 баптар – әртүрлі жаза шараларының мекемелерде орындалу ерекшеліктері. Сіз орналасқан мекемеде бұл  баптардың қалай жүзеге асырылатынын мұқият  оқып алғаныңыз жөн. Осы шарттарды жақсы білсеңіз күнделікті кездесіп қалулары мүмкін әртүрлі проблемалар мен ыңғайсыздықтарға тап болмайсыз: мысалы, дүкеннен зат сатып алу лимитіңіз қанша, қанша сәлемдеме, бандероль (поштамен) алуыңызға болады. Бұл лимиттер жазасын қандай жағдайда өтеушілерге байланысты әртүрлі болады, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді кездесулер саны және т. б.

161, 162 баптар – түрмеден босатуға алынатын негіздер, мерзімінен бұрын босатуға ұсыныстар жасау тәртіптері.

165 бап – босату тәртібі; босату жайлы анықтама, құжаттарды алу.

166 бап – жүмысқа тұрғызу мен тұрмыстық қамтамасыздық жағынан босанған адамдарға көмек.

167 бап – босанып шыққандарға көмек; ақшалай, азық-түлікпен, киіммен.

169 бап – мерзімінен бұрын шартты түрде босанғандардың тәртібін бақылауда ұстау; тіркеу, сыртқа шығуға тиым, басқа шектеулер.

171, 172 баптар – әкімшілік бақылау; мұндай бақылауда кімдер болады, сотқа құжаттар дайындаудың тәртібі, бақылауда ұстаудың тәртібі. әкімдік қадағалау;

Жоғарыда сіздерге ұсынылған ҚР ҚАК нормаларына, оның баптарына жасалған қысқаша шолу түрмеде отырған сотталғандардың өмірін регламенттейді. Осы шолу арқылы ҚР ҚАК-ң өзіңізге қажет-ау деген баптарын оңай тауып алып пайдалануыңызға болады.  Бұл құжат тек кодекс болғандықтан (ҚАҚ) «рамкалық», яғни белгілі шаңберден аспайтын концептуальды құжат болып саналады. Бұл құжатты «түрме заңнамаларының  конституциясы» деуге де болады.  ҚР Қылмыстық атқару кодексінің жүзеге асырылу механизмдері — одан төмен тұрған ведомстволық актілер (ҚР ІІМ бұйрықтары, басқа нормативті құжаттар оларға  шолуды төменде ұсынып отырмыз) арқылы жасалады. Төменде ұсынылып отырған құжаттарға шолудың құрылымы мынадай: тақырып — ұсыныстар — құқықтық негіздемелер.

                ҚР  ІІМ 2014 жылғы 17. 11. № 819 бұйрығы.

Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінің Ішкі тәртіп ережелері

  • Кейбір жағдайларда әкімдік сотталғандарға шашын тықырлап алуға зорлайды. Бұл заңсыз талап, себебі 10-тармақ бойынша сотталғандардың шаштары «қысқа.., ұзындығы бір жарым сантиметрге дейін, ұқыпты қырқылған мұрты мен сақалы болсын» деген.
  • Тағы бір назар аударарлық нәрсе, сотталғандар мен әкімдік қызметкерлері бір-бірімен өзара сыпайы «Сіз» деп сөйлесетін болсын (13, 14 баптар) делінген. Осы тәртіпті ұстану арқылы Сіз «қатынасу ортаңызды» жылышырайлы ете аласыз; «Сіз» деп сөйлескен адаммен дөрекілікке бара алмайсыз. Дау-керіс жағдайларында қызметкерлердің сізге дөрекі сөйлеуіне жол бермеңіз.
  • Күн тәртібінде Сізге үзіліссіз сегіз сағат ұйықтау берілген. Әкімдіктің кейбір жағдайларда осы қалыпты ұйқыны бұзатын талаптары да кездеседі (мысалы, отрядта түнгі кезекші болу). Сыпайы түрде бұл талаппен келіспейтініңізді (18 бап) айтыңыз.
  • Сонымен бірге, саниатрлық-гигиеналық нормалардың талабын орындау әрбір сотталған адамның міндеті, сол міндетті нормаларды орындауға жағдай жасау — мекеме әкімдігінің міндеті. Оған мыналар кіреді: гигиеналық заттармен қамтамасыз ету, ішкиім, сумен қамтамасыздау, тиісті нормада қолжуғыштардың болуы және т. б. Уақытылы, мүмкіндіктер жасалу арқылы тіс тазалау, жуыну, дәретке шығу, шұлық, ішкиімдерді ауыстыру мәселесі адамның өз қадір-қасиеттерін сақтау сезіміне әсер етеді; мұндай мүмкіндіктердің болмауы — адамның қадір-қасиеттерін кемсіту болып табылады, осыдан шығатын қорытынды — бұл жағдай ҚР ҚАК-ң 4 бап талабын орындамау болып саналады. Сотталған адам аптасына кемінде бір рет моншада 30 минут (18 бап) жуынуға құқы бар. Бұл талап — Тәртіп изоляторында, Жеке камерада, Қатаң шартты түрмеде, карантиндегілерге, жаппай барлық сотталғандарға қолданылуы тиіс.
  • Сотталғандарды тізім бойынша тексеру қолайсыз ауа райы кездерінде (жаңбыр, бұршақ, боран, дауыл) және күннің суықтығы минус 25-н жоғары кездерінде баспана үйлерде (36 бап) өткізіледі. Олардың ұзақтығы 40 минуттан аспауы (37 бап) қажет.
  • Тәртіп изоляторында, Жеке камераларда. қатаң шартты түрме орнындағыларды, карантин бөліміндегілерді тексеру тұрған жерлерінде (плацта емес) өткізіледі (38 бап).
  • Мекемедегі дүкен күн сайын (демалыс және мереке күндерінен басқа) жұмыс істеуі тиіс (44 бап).
  • Сотталғандардың өз қалтасынан төлеп алатын қосымша қызметтері (дәрігерлік қызмет, тігу, киім мен аяқ киімді жондеу, құжаттарға көшірме жасау, нотариалдық қызметтер т. б.) (46-49 баптар).
  • Тапсырысты хат алатын сотталғандар мынаны білгені жөн: мұндай хаттарды ашып тексеру (сонымен бірге сәлемдемелерді, ақша аударымдарын, бандерольдарды) адресаттың көзінше жасалады (54 т.).
  • Рұқсат етілген заттардың тізіміне кірмейтін нәрслерді алу арнайы акт жасау арқылы жүргізіледі (60-65 баптар). Кейбір жағдайларда ондай нәрселерді алуға күмәнділік туған жағдайда алмауға да болады.
  • Сотталғандардың мекеме әкімдігі арқылы жіберген ұсыныс, хат, қатынастары арнайы тіркеу бөлімінде тіркеліп үш күн ішінде жіберілуі тиіс, ол жайлы сотталған адам хабардар етілуі керек, отряд бастығынан оған түбіртек талон беріледі (71 бап).
  • Кездесулер жайлы 76-100 баптарда жазылған: қандай жақын адамның ұзақ мерзімді кездесуге құқы бар, адвокаттармен кездесу, некеге тұру үшін кездесу және т. б.
  • Телефонмен сөйлесу: ұзақтығы, таксофонның жұмыс кестесі, бақылау және тыңдалу т. б. Жеке ісіңізге кіммен сөйлесуді жоспарлайсыз, соларды тізімге жазып қойыңыз, (101-105 баптар) бұл маңызды.
  • Заңнамаларда қысқа мерзімді уақытқа мекемеден сырт жерлерге шығу мүмкіндіктері де қарастырылған. Бұл норма іс жүзінде қолданылмайды, тек өте қауіпсіз мекемелерге ғана болуы мүмкін. Дегенмен, сотталған адам нақты негіздер мен дәлелдер келтіріп қысқа мерзімге сырт аймаққа шығуға өтініш жазуға құқы бар (106-118 баптар).
  • Егер сізге жолыңыз болмай Тәртіп изоляторында, Жеке камерада, Қатаң шартты жағдайда отыруыңызға тура келсе, ол орындардың ерекшеліктерін білгеннің артығы жоқ. Атап айтқанда азық-түлік алу, поштамен сәлемдеме, сырттан келетін заттар мен тамақтар алудың, кітапхананы пайдалану т. б. 119-136 баптарда айтылған. Жоғарыда аты аталған орындарда бұл нормалармен танысу қиын болатындықтан олармен алдын ала танысып алған жөн. Осы жәйттерді алдын ала білер болсаңыз, ол орындармен таныспауыңызға да көмегін тигізер.
  • «Сотталғандарға өзімен бірге қалтасында жүруге, алуға, сатып алуға болатын заттар мен нәрселердің және оларды пошта сәлемдемесі, бандероль, сырттан алдыруға, мекеме дүкенінен алуға рұқсат етілген заттар тізімін» білу өте маңызды. Тізімнің бір ерекшелігі, оған кірмеген заттар мен нәрселердің барлығы тиым салынғандар деп саналады. Ол затар мен нәрселерді сақтау мен пайдалану қасақана тәртіп бұзу деп бағаланады. Оған жаза ретінде Қатаң шартты орынға жіберуге дейін апаруы мүмкін. Тізім — № 8 Қосымшада.

 

 

                       ҚР ІІМ 20.08.2014 жылғы № 536 бұйрығы.

Бұл бұйрық  № 36 ДСП бұйрығына сәйкес күшін жойған; жаңа бұйрықтың мәтіні ашық деректерде берілмей келеді. Соған қарамастан ескі бұйрықтың мәтінін ақпарат ретінде беріп отырмыз, себебі оның негізгі позициялары ДСП-ң № 36 бұйрығында қайталанған.  Егер мекеме қызметкерлері Сізге бұл нормалар күшін жойған дейтін болса, онда Сізге қатысы бар жаңа бұйрықтың сол нормасымен таныстырыңыз деп талап етуіңізге болады. Сіздің бұл құқығыңыз  ҚР Қылмыстық Атқару Кодексінің (ҚАК) 9. 6. және 10. 1. тармақтарында бекітілген.

«Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) мекемелерінде отырған сотталғандарды бақылау және қадағалау жұмыстарын ұйымдастырудың ережелері және тексеру жасау мен тінту жұмыстарын жүргізу».

  • Бұл бұйрық негізінен алғанда бақылаушылар — әскерилерге арналған. Аталмыш бұйрық қойын кітапша ретінде әр бақылаушыда болады, егер сіз өз позицияңызды сауатты түрде жеткізе білсеңіз, құжаттың баптарына сілтеме жасасаңыз мәселені тез шешуге болады.
  • Сотталған кісіні денсаулығына байланысты емдеу мекемесіне кенеттен (түн ішінде, демалыс немесе мереке күндері) дереу жіберуді мекеме бастығының кезекші көмекшісі (ДПНУ) орындай алады. Мекемеде медперсонал болмай қалған жағдайда ол жедел жәрдемді шақырып науқасты конвоймен жөнелтеді (6 бап).
  • Локальды (оқшауланған) аймақтардың қақпасын бақылаушылар ашып жабады (48 бап). Бұл қызметті атқаруды сотталғандарға, белсенділерге тапсыру заңсыз деп саналады.
  • 49-бапта сотталғандарды тізім бойынша тексеру тәртібі егжей-тегжейлі сипатталған. Осы тармақтарда көрсетілмегендердің барлығы (жүгіріп қозғалу, бас киімді шешу, маршпен жүру, армияға ғана тән бұйрық беру әдісімен қатармен жүру және т.б.) заңсыз деп саналады.
  • Тәртіптік изолятор мен Жеке камералық жағдайлардағы бақылаушылар мен қызметкерлерінің өз өкілетін асыра сілтеп, заңсыз талаптар қойып оны зорлықпен орындату оқиғалары жиі орын алады. Әсіресе, мұндай жағдайлар Тәртіп изоляторына, бір адамдық камераға келгендерді тексеру, қабылдау процедурасы кездерінде кездеседі. 50-58 баптармен жақсылап танысып алсаңыздар, қажет кездерде өз көзқарасыңызды сауатты түрде қорғайтын боласыз.
  • Көптеген дау-керісті оқиғалар тінту іс-шараларын жүргізген кездерде болады. Тінту іс-шаралары кезінде қызметкерлер әртүрлі қисынсыз дөрекілік мінездер көрсетіп, өз өкілеттіктерін асыра сілтеп атқарады, адами қадір-қасиеттерді таптайтын істер жасайды; мысалы тыр жалаңаш шешіндіреді, «түрегел», «отыр» деп бұйырады және т. б. 83-96 баптармен жақсылап танысып алсаңыз, қандай жағдайларда ғана сотталған адамды екі тізесімен отырғызуға болатынын, кімдерге ондай іс-қимылдар жасауға болмайтынын білетін боласыз. Сонымен бірге мынаны білетін боласыз — жеке адамды толық тінту кездерінде төменгі іш киіміне дейін ғана шешіндіруге болады, толық тінту арнайы бөлмелерде немесе арнаулы кабиналарда жасалады.  Қандай жағдайларда толық және толық емес тінтулердің жүргізілетінін, егер адам тінтуге дейін рұқсат етілмеген заттарды өз еркімен беретін болса, бұл адам оны сақтағаны үшін жауапқа тартылмайтынын білетін боласыз. Тінту іс-шаралары — түрме аймағында жиі орын алатын жұмыс, сондықтан да тінту іс-шаралары жайлы білудің пайдасы өте зор.
  • Кейбір жағдайларда мынадай оқиғалар орын алып қалуы мүмкін. Өзінің заңды талаптарын орындату үшін сотталушы тамақ ішуден бас тартатын кездер болады. Мұндай кездерде мекеме бастығы жоғары бастығына хабарлайды, арнаулы прокурорға хабар жібереді, сотталушының заңды талаптарын орындауға бағытталған іс-қимылдар жасайды (136-139 баптар). Тамақ ішуден бас тартуды жазбаша арыз күйінде мекеме бастығының атына жазып, наразылық жасауға не себептен барып отырғанын айтады. Ескеретін нәрсе — түрмеде отырудан жалтару немесе өз міндеттемелерін атқарудан жалтару үшін тамақ ішуден бас тарту ҚР ЖАК-ң 104 бабы, 3 б. 4 тармағы бойынша айып болып саналады. Дәл осындай жазалар — өзіне өзі қасақана дене жарақаттарын салса ҚР ҚАК-ң 104-бабы, 3 б. 3 т. айыпталады.

 3 Қосымша.  Сотталғандар қамтамасыз етілген, жататын мекеменің жабдықтарына жалпы талаптар, инвентарь мен жабдықтардың тізімі, қолжуғыштар бойынша нормативтер (10 адамға 1 кран), ас қабылдайтын бөлмелердің жабдықтары.

 7 Қосымша. Мекемелердің жатақханаларының жабдықтарына қойылатын талаптар. Міндетті түрде болуға тиіс баспаналар тізімі, локальды учаскенің жабдықтары, кәдімгі және қатал шартты жағдайдағылар. Қатал шартты жағдайда ұсталушылардың отрядының жабдықтары, қатал шартты өмірге сотталғандарға арналған ережелер.

13 Қосымша.  Мекеменің бір адамдық камерасында ұсталатындарды қамтамасыз етуге арналған инвентарь мен заттардың тізімі. Үстел үстінде ойнайтын ойындар — шахмат, дойбы, домино, нарды.

 24 Қосымша. Кездесулерге арналған бөлмелердің жабдықтары. Балалар ойнайтын бөлме, кездесуді күтетін адамдарға арналған санузелі бар бөлме. Кездесуге арналған бөлме саны -1000 адамға 24 бөлме.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мекеме әкімдігінің қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі — сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізу болып табылады. Сол себептен де мекеме қызметкерлерінің штатындағы мекеме бастығының орынбасары осы жұмысқа жауап береді.

Тәрбие жұмысы, сотталушыны қайта тәрбиелеу жақсы нәтиже беруі тиіс, сотталушы мерзімінен бұрын бостандыққа шыға ала ма, осы жұмысқа байланысты. Сотталушының мерзімінен бұрын босатуды сұраған өтініші қаралған кезде тәрбиелеу бөлімі дайындаған мінездеменің ролі ерекше; Сіздің мінездемеңізді дайындайтын отряд бастығы осы бөлімнің қызметкері. Сіздің мекемедегі тәрбие жұмысы қалай қойылған, ол жұмыс формализмнен қаншалықты аулақ, ол жұмыстың сотталушының тәрбиелену процесіне, жөнделуіне ықпалы қаншалықты және т. б.. ? ?  Бұл сұрақтарға ҚР ҚАЖ-ң мекемелеріндегі сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын регламенттейтін құжаттармен танысып болған соң өзіңіз жауап беретін боласыз.

 

 

 

 ҚР ІІМ 2014 ж. 13. 08. № 508 бұйрығы.

«Бас бостандығынан айрылғандармен жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарының ережелері»

  • Жоғарыда ескерткеніміздей, жазасын өтеп жатқандардың өзінің қандай режимде оны атқарып жатқандығы жайлы ақпаратты сұрап алуға құқы бар (10 бап б.1. т.1) ҚР ҚАК. Бұйрықтың 20 тармағы бойынша бұл ақпаратты алуға отряд бастығына жүгінуге тиіссіз, бұл оның міндеті.
  • Тәрбие жұмыстарын атқару шеңберінде 22 тармақта көрсетілгендей, әрбір отрядта отрядтың тәрбиелеушілер кеңесі (ОТК) құрылады. ОТК құрамында — отряд бастығы және бірнеше қызметкерлер. ОТК ай сайын жүргізіледі, оның мақсаты сотталғандармен тәрбиелік әңгімелесу жұмыстарын жүргізу. Егер сотталушының үстінен әкімдік материал (акт, рапорт) жасалған болса ОТК бұл материалды қарап сотталушымен әңгімелеседі, болған жәйді анықтайды, сосын кінәлі ме, жоқ па деген шешім шығарады —  кінәлі болса, қандай жаза алуы керек (24 бап). ОТК-ң шешімі ұсыныстық болып табылады.
  • Егер сотталушының бір жыл бойында айыптық жазасы болмаса, «сотталушы жақсы тәртібі үшін мадақталуы тиіс»; мадақталу шарасы сотталушы мекемеге келген үш айдың нәтижесімен де қолданылуы мүмкін (25 бап).
  • Сотталушы өзіне берілген мінездемемен және қойылған бағамен танысуға құқы бар, мінездеме мен бағаны отряд бастығы дайындайды және жеке іс қағазына тігіледі. Бұл деректерді сотталушыға жеткізу 28 бап бойынша отряд бастығына жүктеледі. Мінездемемен келіспеген жағдайыңызда онымен дауласуыңызға, сотқа жүгінуіңізге де болады, себебі мінездеме Сіздің тәртібіңіздің бағасына, түрмеде қандай жағдайда ұсталуыңызға, Сіздің мерзімнен бұрын босануыңызға  әсері бар.  Сізге, объективті жағдайларды ескермей берілген жағымсыз мінездеме Сіздің құқыңызды бұзады.
  • Тәрбиелеу жұмыстарының бағыттарының бірі — оның әлеуметтік-құқықтық жағы. Отряд бастығы сотталушылармен жеке-жеке психологиялық-педагогикалық әңгімелер жүргізумен шектелмей, сонымен бірге әлеуметтік-құқықтық тақырыпта сабақтар өткізуі тиіс. Атап айтқанда, адам құқы жайлы ақпараттары бар құжаттарды, сотталушылардың құқтары мен міндеттері, сотталушылардың халықаралық стандарттары жайлы, соның ішінде құқықтық тұрғыдағы халықаралық құжаттар, Қазақстан Республикасы орындауға міндеттеліп мойына алған яғни ратификациялаған құжаттар.
  • № 6  Қосымша – Осындай сабақтарды өткізудің тақырыптық жоспары.

Мекеме әкімдігі тамақтанатын орындарда, асханаларда азық-түлік, тағам нормалары жайлы ақпараттарды орналастыруға міндетті. Бұл талап көбінесе орындала бермейді, тамақ ішу уақыты аз болғандықтан ондай ақпаратты оқуға мүмкіндігі де болмайды. Сотталушылар қалай тамақтанулары керек деген сұрақтарға жауап беретін төмендегі құжаттардан үзінділер Сізге осы мәселе бойынша өз құқықтарыңызды бақылауға көмегін тигізері анық.

 

 

 ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 28 қарашасындағы № 1255  Қаулысы

«Айыпталушылар мен сотталушыларды  тамақ және материальдық- тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудің табиғи нормаларын бекіту жайлы».

Сізге дайын түрде ұсынылған ас мәзірінің ішінде қанша грамм тұз, жарма, өсімдік майы және басқалардың бар екенін анықтау әрине қиын болар. Сондықтан тексеруге мүмкіндігі бар позицияларды ғана назарларыңызға ұсынамыз.

№ . Азық-түліктің аты Бір тәулікке бір адамға, граммен
1.Картоп

2.Капуста

3. Жуа (пияз)

4. Қияр (тұздалған)

5.Томат  (тұздалған)

6. Жемістің шырыны

7.Жеміс (жас өнім) (алма)

8.Цитрусты жемістер (лимон)

9.Құмшекер қант

10.Ет 1 категориялы

11.Жас балық (мұздатылған)

12.Сүт (пастеризацияланған)

13.Сиырдың еті (майлылығы 72% жоғары)

14. Тауықтың жұмыртқасы (аптасына)

15.Аскорбин қышқылы (бірінші тамаққа қосылады)

450

110

40

10

10

50

50

10

40

100

90

100

10

2

50

Диетикалық тамақ ішуге жататын сотталғандарға тағам нормалары бөлек, аурудың түріне байланысты. Төменде «жалпы жұртқа» ортақ ауруларға арналған тағам нормалары беріліп отыр.

№  Азық-түліктің аты Бір тәулікке бір адамға, граммен
1.Картоп

2.Капуста

3.Жуа (пияз)

4.Жас қияр (тұздалған)

5.Томат (тұздалған)

6.Жеміс шырыны

7.Жеміс  (алма, алмұрт)

8. Цитрусты жемістер (лимон)

9.Құмшекер қант

10.Ет 1 категориялы

11. Тауық (жартылай тазартылған, 1кат.)

12.Піскен шұжық (колбаса)

13.Қосымша ет өнімдері 1 кат. (бауыр, өкпе)

14.Жас мұздатылған балық, басы алынған.

15.Тұздалған балық (майшабақ)

16.Сиыр сүті, (майлылығы 2,5% )

17.Айран (2,5%майл..)

18.Қаймақ (20% майл.)

19.Сүзбе (15% майл.)

20.Іріткі қатты ірімшік

21.Сары май, күйдірілген

22.Тауықтың жұмыртқасы, 1 категориялы, дана.

23.Какао-ұнтақ

24.Кофе ұнтақталған, жоғары сорт

400

130

65

20

20

150

120

20

60

150

30

10

4

110

10

300

100

20

70

15

40

1

1

1

 

Кейбір уақыттарда сотталушылар бір мекемеден екінші мекемеге ауысып (емделу және тағы басқа себептермен) тұрулары мүмкін. Төменде оларға арналған жол тамақтың нормалары беріліп отыр. Дәл осы нормалар босанып шыққандар үшін, қылмыстық істерге, сот процесіне бару жолына да беріледі (бір тәулікке бір адамға, граммен).

1. Қара нан, 1 сорт бидай ұнынан

2. Ет пен өсімдік қосылған консервтер  ассортименті 1/350
немесе – балық консервілері            1/250

3. Қант (құмшекер)

4. Үнді шәйі, түйірленген 1 сорт.

5. Ас тұзы, йодталған

600

700

500

50

3

10

Сотталғандар сонымен бірге киіммен және жеке гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі. Төменде ер кісілерге арналған заттай керек-жарақтардың нормасы беріліп отыр (бұл норма ыстық климатты Жамбыл, Қызылорда, ОҚО, Алматы облысының өңірі, Балқаш көлінің оңтүстігі, Қарағанды облысының Жезді, Приозер аудандарына жатады).

№   Атауы  Саны Мерзімі
1.Тоқыма жүн құлақшын

2.Жазғы бас киім

3.Су өтпейтін матадан тігілген күртеше

4.Су өтпейтін матадан тігілген жылы шалбар

5.Мақта матасынан тігілген костюм

6.Футболка мақта-матадан

7.Көйлек немесе футболка немесе  ұзын жеңді жылы водолазка м. матадан

8.Шалбар м/мата

9.Трико спорттық

10.Майка

11.Қысқа дамбал

12.Былғары жылы бәтіңке

13.Туфли немесе жартылай былғары бәтіңке

14.Тәпішке

15.Спорттық аяқкиім

16.Шұлық

1 дана

1 дана

1 дана

1 компл.

2 компл.

2 дана

1 дана

1 дана

2 дана

2 шт.

1 жұп

1 жұп

1 жұп

1 жұп

1 жұп

6 жұп

2 жыл

1 жыл

2 жыл

2 жыл

3 жыл

2 жыл

2 жыл

1 жыл

1 жыл

1 жыл

2 жыл

2 жыл

2 жыл

1 жыл

1 жыл

1 жыл

  • Ерекше айта кету керек, бұл нормаларға бір реттік сақал алатын станоктар кірмейді, егер сақалың өсіп кеткен болса, жеке гигиена талаптарын орындамағаның үшін айыптық жаза алуың мүмкін. Біздіңше бұл жағдай дұрыс емес, жоғарыда көрсетілген нормаларға өзгеріс енгізу қажет, себебі сотталушылардың сақал алатын станоктар сатып алуға мүмкіндіктері бола бермейді, сонымен бірге олар оны сатып алуға міндетті емес, мұндай талап нормативтік актіде көрсетілмеген. Бұған қосымша айтарымыз, ҚР ҚАК-ң 104 бабы, 3 б. 12 т. бойынша сотталушылар «..бір-біріне заттар мен нәрселерді берулеріне тиым салынады..». Кез келген уақытта бұл жағдайдың астарында дау-жанжал, биліктің өз өкілеттігін асыра сілтеу мүмкіндіктері жасырынып жатары анық.

Сотталғандарды жатындық жабдықтармен қамтамасыз ету нормалары

1. Көрпе (жүн көрпе немесе синтепон)

2. Матрац (мақта немесе  поролон)

3. Жастық (мақта немесе  синтетүбіт)

4. Ақжайма

5. Жастық тыс

6. Сүлгі

1

1

2

2

2

3 жыл

4 жыл

4 жыл

2 жыл

2 жыл

1 жыл

  1. Жеке гигиена заттары (ер кісі үшін)
  2. Шаруа сабын 200 гр. 1 ай
  3. Туалеттік қажетті заттар
1. Дәрет қағаз

2. Тіс паста

3. Тіс щетка

1 дана

1 тюбик

1 дана

1 ай

1 ай

3 ай

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.